« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Биылғы жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен
елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық
бюджеттерден жалпы ұзындығы 209,1 шақырым жол жөндеуге және көпір құрылыстарына
бөлінген 11,1 млрд. теңге қаржы толықтай игерілді. Бұл жөнінде облыстық
коммуникациялар орталығында журналистермен жүздескен облыстық жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов баяндады.
Марат Серікбайұлы алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға ерекше басымдық бергенін атап өтті. Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмасына орай бүгінде облыста жол жөндеу мен оны күтіп ұстау және жаңа жобаларды іске асыру мақсатында кең ауқымдағы жұмыстар жүргізілуде. Негізі аймағымыздағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2245,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде 13 шақырымы асфальт-бетонды болса, 1217 шақырымы немесе бар жолдың 55 пайызы қара қиыршық тасты, 451 шақырымы қиыршық тасты және 569,5 шақырымы топырақты жолдар. Биылғы жылы атқарылған жұмыстың нәтижесінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 57 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш пайызға артық.
Сонымен қатар биыл Сырдария ауданы Тереңөзек кенті маңында Сырдария өзеніне көпір салынып, ол халық игілігіне пайдалануға берілді. Бұл көпірдің маңыздылығы сол, ол аудан орталығын жеті елді мекенмен байланыстырады. Әрі бұл көпір "Батыс Еуропа – Батыс Қытай” көлік дәлізіне қосылады. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес қаланың сол жағалауын игеру мақсатында облыстың көліктік коммуникациялық кешенінің маңызды бір бөлігі саналатын Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысы да басталды. Бір айта кетерлік жайт, құрылысы 2007 жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржыландырылып келе жатқан ұзындығы 74 шақырымдық облыстық маңызы бар "Жалағаш-Жосалы” автомобиль жолының соңғы 27 шақырымы күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Жалпы Елбасы Жолдауы автомобиль жолдары саласында жаңа жобаларды жүзеге асыруға негіз болуда. Соның бастысы бүгінде республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында облыстағы стратегиялық маңызы бар 17 жоба ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне ұсынылды. Соның ішінде 2015-2016 жылдары "Қызылорда-Жезқазған” автомобиль жолының 59 шақырымына қайта жаңғырту жұмыстары мен аудандық маңызы бар ұзындығы 22 шақырымды құрайтын "Самара-Шымкент-Бекбаул” автомобиль жолының құрылысы бар. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар "Бозкөл-Тасарық” автомобиль жолының 22 шақырымын қайта жаңғырту мен Қазалы ауданындағы Әлсейіт учаскесінде және Қармақшы ауданының Ақай елді мекені жанынан Сырдария өзеніне екі көпірлердің жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу мен тағы да басқалар маңызды жобалар қатарына кіргізіліп отыр.
Баршаға белгілі, биыл облыс әкімінің бастамасымен ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес "Қызылорда” қаласының әуежайына халықаралық мәртебесі берілді. Енді бүгінде республикалық және шетелдік әуе компаниялармен алдын ала келіссөздер жүргізіліп, Ресей, Түркия, Қытай және Біріккен Араб Әмірлігі секілді алыс та жақын шетелдерге халықаралық әуе көлігін ашу мақсатында шекара, кеден, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде Ресейдің "INVESTAVIA” әуе компаниясымен жүргізген келіссөздер нәтижесінде ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші онкүндігінде сыйымдылығы 100 жолаушыға есептелген "СRJ” маркалы ұшағымен Қызылорда қаласынан Дубай қаласына тікелей бірінші халықаралық рейсін ұшыру жоспарланып отыр. Әрине, әуежайға халықаралық мәртебесі берілгеннен кейін ол көптеген жұмыстарды жүргізуді қажет ететіні де белгілі. Осы орайда айта кету керек, алда өткізу қабілеттігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын Қызылорда қаласының жаңа жолаушы терминал құрылысы салынады.
Негізі облыс әкімінің бастамасымен "Игілік” корпоративтік қорының бюджеттік емес қаражат есебінен жобаның техникалық экономикалық негіздемесі жасалды. Қазіргі күні Қазаэрожоба ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты акционерлік қоғамы бюджеттік емес қаражат есебінен терминалдың жобалау-сметалық құжаттамасын аяқтау үстінде. Осы жобаны іске асыру мақсатында облыс әкімдігі мен "Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ, "KTZ Ехрrеss” АҚ, "Байқоңыр” ӘКК” АҚ мен "Қорқыт ата әуежайы” АҚ аралығында келісімге қол қойылды. Соның ішінде "Қазақстан темір жолы” АҚ жобаның 70 пайызын, ал, "Байқоңыр” ӘКК” 30 пайызын қаржыландыруды жүзеге асыратын болады. Айта кету керек облыс әкімдігі тарапынан "Байқоңыр” ӘКК” АҚ арқылы әуежай терминалы құрылысын қаржыландыру мәселесі толық шешімін тапқан. Ал, "Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-ның инвестициялық ұсыныстары мақұлданып, оны енді "Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ директорлар кеңесіне өткізу жоспарланып отыр.
Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |