« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Елбасы 2009
жылдың 25 қарашасында облысқа жасаған жұмыс сапары барысында Қызылорда
қаласында "Тех Маман” ЖШС-ның мамандарды қайта даярлау оқу орталығының
тыныс-тіршілігімен танысты. Міне, сол жерден репортаж ұйымдастыру осы жолдардың авторына
тапсырылған еді.
Аталмыш оқу орталығы автожолдар салу және жөндеу жұмыстарына қажетті техникалық және қызмет көрсету кадрларын даярлау, қайта даярлап, біліктілігін арттырумен, сондай-ақ орта мектеп бітірушілерге кәсіптік білім берумен айналысады. Оқу орталығының материалдық-техникалық базасы бүгінгі күн талаптарына сай жабдықталған. Мұнда теориялық сабақтарға арналған бөлмелер, оқу-өндірістік шеберханасы, оқу полигоны бар. Сондай-ақ қажетті техникалары сайлы. Орталық туралы ақпарат алған Нұрсұлтан Әбішұлы көлік инфрақұрылымын дамытудың аса маңызды мәселе екенін атап өтті. Елбасы ғимарат ішінде жергілікті жерден өндіріліп, экспортқа шығарылғалы жатқан өндірістердің инвестициялық жобалары және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерімен, жергілікті тауарлар көрмесімен танысты. Осы жерде Елбасыға Қармақшы ауданы «Жаңажол» ЖШС төрағасы Қылышбек Әбішев ауыл шаруашылығы саласын қолдау бағытында жасалған қамқорлыққа алғысын айтты. Елбасы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша алыстағы ауылдарға аттанғалы жатқан бір топ жоғары оқу орындары түлектерімен кездесті. Қармақшы ауданы Ақай елді мекеніне дәрігерлік қызметке келген жас маман Қарлығаш Төлепова ауылдық жерлерге қызметке барған жастарға мемлекет тарапынан қолдау жасалып жатқанына ризашылығын жеткізді. Елбасы ауылдық жерлерді дамытуға аттанған жас мамандарға үлкен сенім білдірді. Соңынан осы жастармен бірге суретке түсті. Сөз жоқ, сол күні «Тех Маман» оқу орталығында болып, Нұрсұлтан Әбішұлымен жүздескен жандардың барлығы да ерекше әсерге ие болғаны анық.
Иә, Елбасының осыдан бес жыл бұрын «Тех Маман» оқу орталығында көлік инфрақұрылымын дамыту туралы айтқан сөздері маңызын еш жоғалтқан емес. Керісінше, жақын күндері ғана Қазақстан халқына жасаған Жолдауы негізінен еліміздің инфрақұрылымдық желілерін дамытуға қатысты болды. Жолдаудың «Нұрлы жол» деп аталуының өзінде үлкен мән жатса керек. Ал Елбасымыз болған «Тех Маман» оқу орталығы содан бері өзінің қызметін мүлтіксіз орындап келеді. Жыл сайын қайта даярлаудан жүздеген тыңдаушылар өтеді. Бүгінде, бұл орталық қызметінің мақсаты аймағымыздағы тасымалдау, ғимарат құрылысы, автокөлік жолдарын салу және жөндеуді жүзеге асыратын мекемелер мен кәсіпорындарға қажетті жұмысшы кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып табылады. Осы орталықтың ерекшелігі – оның негізінде оқу ұйымдары түлектерінің кәсіби дайындық деңгейін бағалау және мамандарды сертификаттау, оқу ұйымдарының мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылатын болады. Үстіміздегі жылдың 11 тамызында ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы басқарма төрағасы Нұржан Алтаев бастаған делегацияның қатысуымен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен «РҒӘО» АҚ Қызылорда облыстық филиалы және «Тех Маман» ЖШС арасындағы әріптестік туралы келісімге қол қояды.
Құрыш қолды құрылысшылар да жергілікті тұрғындар арасынан дайындалады. Жұмыссыз жандарды кәсіби бейімдеу мақсатында кәсіпкерлердің өңірлік палатасы дуальды оқыту жүйесін ендірудің жол картасын жүзеге асыруда. Бүгінде «Тех Маман» оқыту орталығында 100-ге жуық адам қайта даярлау курсынан өтуде. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Тех Маман» оқу орталығының директоры Серік Толыбаев: «Бізде бульдозер, жол құрылыс машиналарын және трактор, автогрейдер, роторлық экскаватор жүргізушісі, слесарь мамандарды дайындаймыз. Оқу мерзімі 2 айды құрайды», – дейді. Ал бұл мамандық иелері еліміздің инфрақұрылымдық желілерін дамытуға сүбелі үлесін қосатын болады.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |