ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ТҰЛҒА

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВ ТУРАЛЫ ШЕТЕЛДІК ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ПІКІРІ

Барак ОБАМА, АҚШ Президенті:

– Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті ілгерілету жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын.

Владимир ПУТИН, Ресей Президенті:

– Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыстарын орынды мақтан ете алады. Республиканың халықаралық беделі жылдан жылға артып келеді, қоғамдағы ұлтаралық қатынастар да жетілдіріле түсуде. Ресей мен Қазақстан халықаралық аренадағы, Еуразия кеңістігіндегі аймақтық интеграциялық құрылымдардағы күштерін үйлестіруі өзінің тиімділігін көрсетті.

Ангела МЕРКЕЛЬ, ГФР Канцлері:

– Жауапты міндеттерді одан әрі атқаруыңызда Сізге зор табыстар мен сәттілік тілеймін. Экономикалық, қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапындағы қолдауға сенім арта алатын болады.

Хуан КАРЛОС, Испания саясаткері:

– Сіздің еліңіз осы жылдар ішінде айтарлықтай нәтижелерге жетті. Біздің бірлескен жұмысымыздың арқасында біздің мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып отырғаны мені ерекше қуантады. Мен Сіздің күш-қуатыңыздың арқасында Қазақстан өміріндегі жаңа кезең тағы үлкен прогреспен және халықтың әл-ауқатының артуымен белгілі болатынына сенемін.

Экмеледдин ИХСАНОҒЛЫ, саясаткер:

– Жоғары Мәртебелі, Сізге өз елін саяси және экономикалық реформалар жолымен алып келе жатқан басшы ретінде Сізге көрсетілген Қазақстан халқы ұдайы сенім білдіреді.

Жоғары Мәртебелі, Сіздің даналығыңыз бен тәжірибеңіз Өзіңізге Қазақстан халқының келешекте әлеуметтік-экономикалық даму мен гүлдену, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің биік болуына деген ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндіктер беретініне сенемін.

Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы:

– Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру бастамаңызбен Солтүстік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрылғанын зор ризашылықпен айта аламын.

Ислам КӘРІМОВ, Өзбекстан Республикасының Президенті:

– Өзбекстанда Сізді Қазақстан тарихының бетбұрыс сәтінде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың барысына басшылық еткен аса көрнекті мемлекет қайраткері деп біледі. Өзбекстанда Сізді біздің халқымыздың нағыз досы деп біледі әрі өзіміздің өзбек-қазақ қатынастарының серпінді дамуына қосқан үлесіңіз баға жеткізгісіз деп біледі.

Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы қарым-қатынастар әрдайым тарихымыздың, мәдениетіміздің, тіліміз бен дініміздің жақындығына негізделіп келеді. Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік, өмір сүріп келеміз және мәңгілік бірге өмір сүре беретінімізге сенімім кәміл.

Манмохан СИНГХ, Үндістан саясаткері:

– Барша қазақстандықтардың Сізге соншалықты сеніммен қарауы еңбегіңіздің айқын бағасы болып табылады. Әсем де зәулім Астана – Сіздің жасампаз басшылығыңыздың символы. Мен Қазақстан халқының тамаша өркендеуін, елдеріңіздің бай мәдениетін көрдім. Бізде барлық мәселелер бойынша толық түсініктер бар. Қазақстан өзінің дана және көреген Президентінің басқаруымен табысты дамуын жалғастыратындығына сенімдімін.

Александр ЛУКАШЕНКО, Беларусь Республикасының Президенті:

– Астана Саммитінің өткізілуі Нұрсұлтан Назарбаев бағындырған ең биік белес болып табылады. Ол бұл белесті жоғары етіп қойды және ондағы өзінің міндеттемелерін тамаша орындап шықты. Мен ЕҚЫҰ-ның саммиттеріне осымен үшінші рет қатысқан саясаткермін. Мұндай жоғары өткен жиынды әлі көргенім жоқ.

Мен Нұрсұлтан Әбішұлына, өзге де саясаткерлер айтқанындай, бұл Саммит жұмысы барлық сегменттер бойынша керемет ұйымдастырылғанын атап көрсетемін. Неткен тамаша үдеріс, шенеуніктер, қауіпсіздік қызметі, журналистер – бәрі де шынайы достық ниетте қонақжайлылық танытты. Саммит жұмысына ешкім де кедергі жасамады. Біз Қазақстаннан үйренуіміз керек.

Эмомали РАХМОН, Тәжікстан Республикасының Президенті:

– Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес.

Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағылым аларлық. Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсұлтан Әбішұлы өз халқының даусыз басшысы.

Си ЦЗИНЬПИН, ҚХР Төрағасы:

– Құрметті Президент! Қазақстан ЕҚЫҰ Саммитін өткізу арқылы әлемдік аренаға көтеріліп отыр. Бұл Қазақстан үшін шын мәнінде тамаша жетістік. Асқан даналық таныта білдіңіз. Қазақстанның беделі бұрынғыдан да арта түсті. Бүгінде Астана өзінің саяси Көшбасшысының салиқалы саясатының жемісін көріп келеді.

Ильхам ӘЛИЕВ, Әзербайжан Президенті:

– Сіздің сайлаудағы жеңісіңіз Қазақстан халқының Сізге деген үлкен сенімінің, халықтың мемлекеттілік пен тәртіпті нығайтуға, қоғам өмірінің барлық салаларындағы түбегейлі қайта құруларды жүзеге асыруға бағытталған бастамаларыңызға деген қолдауының дәлелі болды.

Әзербайжан мен Қазақстанды көп ғасырдан бері жалғасып келе жатқан достық, тату көршілестік пен ынтымақтастық байланыстырады. Мен осы жақсы дәстүрлерге негізделген біздің мемлекетаралық қарым-қатынасымыз тату халқымыз бен елдеріміздің игілігі үшін болашақта да дамиды деп сенемін.

Серж САРГСЯН, Армения Президенті:

– Сіздің мемлекеттік және саяси бай тәжірибеңіздің нәтижесінде, Сіздің Мемлекет басшысы лауазымында ұстанған саясатыңыздың арқасында Қазақстан бүгінде әлеуметтік-экономикалық дамудың биік белесін бағындырды. Елдің халықаралық аренадағы беделі жыл өткен сайын нығайып келеді. Талас жоқ, бұл Сіздің кемеңгерлігіңіздің нақты дәлелі ретінде бағаланады.

Алмазбек АТАМБАЕВ, Қырғызстан Президенті:

– Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудың бірегей үлгісін қалыптастыруда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Біздер, қырғыздар бауырлас қазақ ағайындардан үлгі алуымыз керек.


АҚПАРАТ 29 қараша 2014 г. 1 017 0