БЕРЕКЕ БАСЫ БІРЛІКТЕ

БЕРЕКЕ БАСЫ БІРЛІКТЕ

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесті
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / БИЛІК 22 қараша 2014 г. 1 314 0

ЖЕҢІМПАЗҒА АРНАЛҒАН ӘН

«Өнер – тәңір сыйы» десек, бойға біткен қасиетті танып, оны дамыту, жан дүниені тебірентткен ерекше сезімнен туған ән ырғағы тыңдаушыға жеткізіп, көкірек ояту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сазгер Алтын Бекенова ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы, әлемдік рекордтардың иегері Илья Ильиннің жеңісіне, жерлесінің жетістіктігіне сүйсініп шығарған «Илья – чемпион» әні тыңдарманның жүрегіне жол тапты. Сөзін жазған ақын Махмұтбай Әміреұлы.
АҚПАРАТ 22 қараша 2014 г. 1 106 0

Зағип жандарға арналды

Қазалы аудандық мәдениет орталығында облыстық зағип жандарға арналған кітапхана кітапханашысы П.Қошқарова мен аудандық кітапхана кітапханашысы Б.Күзембаеваның бірлесіп ұйымдастыруымен «Жүрегім өлеңмен тербеледі» атты кеш ұйымдастырылды.
АҚПАРАТ 22 қараша 2014 г. 825 0

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің пайдасы зор

Қазақстан судьяларының VI съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әділ сот төрелігінің халықтың барлық топтары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, бұл істе электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын.
ҚОҒАМ 22 қараша 2014 г. 1 263 0

Екі жылда 21 елді мекенге табиғи газ жеткізіледі

Елбасымыз күні кеше Қазақстан халқына жариялаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында мемлекетіміздің аумағына қатысты төмендегідей жақсы теңеу келтірген. «Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иесі». Иә, жер көлемі жөнінен әлемдегі 200-дей мемлекеттер арасында тоғызыншы орынды иемденетінін, еліміз бай, жеріміз бай екенін мақтан етеміз. Әйтсе де, осынша аумақта шашырап жатқан қалаларымыз бен елді мекендерімізде халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында инфрақұрылымдық желілерді жеткізу оңайға түспейтіні анық. Алыс қашықтықтарға оларды жеткізу көп қаржылық шығындарды талап етеді. Сол себепті де Қазақстан газ өндіруден алдыңғы қатарлардан табылғанмен, көгілдір отын игілігін қалаларымыздың барлығы бірдей көріп отырған жоқ.
АҚПАРАТ 22 қараша 2014 г. 1 070 0

ШИПАГЕРДІҢ ШАРАПАТЫ

Халық қалаулыларының елмен етене араласып, тұрғындар арасында талай-талай түйткілді мәселені шешудегі еңбегін айрықша айту ләзім. Солардың бірі – Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Құлпыбай Ысқақ.
ҚОҒАМ 22 қараша 2014 г. 949 0

Жанармай бағасы қалыпты

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 Қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 21 қарашадағы жүргізілген мониторинг нәтижесімен облыста АИ-92 маркалы бензині – 128 теңге, АИ-80 - 89 теңге, дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бекітілген шекті бағалардан аспайтындығын жеткізеді.
АҚПАРАТ 22 қараша 2014 г. 608 0

СЕКСЕУІЛГЕ СЕРПІН БЕРГЕН ЖОБА

Сексеуіл облыс орталығынан ең жырақтағы қоныс. Ауданда көлемі жағынан Арал қаласынан кейінгі орынды иеленеді. Кентте 11 мыңға жуық адам тұрады. Бұл саны жағынан республикадағы кейбір аудан орталығымен теңеседі деген сөз. Мұндағы ағайынға базар, сауда қатары, шаруа қожалықтары, жанармай құю бекеттері, дәріханалар өзге де нысандар қызмет жасайды. Теңіз төскейінің әлеуметтік-экономикалық дамуына бюджеттік мекемелермен қатар теміржол саласы, кәсіпкерлер қомақты үлес қосуда. Тұрғындардың басым бөлігі телефон нүктесімен, «Activ», «Beeline» жүйесімен қамтылған.
ДӘУЛЕТ 22 қараша 2014 г. 904 0

ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан хал­қы­на арнаған Жолдаулары – мемлекетіміздің саяси, экономикалық дамуында ғана емес, еліміздің әлеуетінің артуына жан-жақты салаларда еңбек етіп, үлес қосып жүрген әрбір Қазақстан азаматы үшін де рухани, әлеуметтік дамудың басты бағдарлардың бірі. Елде татулық пен бірлік, рухани тұтастық пен ынтымақ, бейбітшілік пен тыныштық болмайынша, мемлекет дамуының қай саласында да өсу, өркендеу, даму болмайтындығын Елбасы өзінің әрбір Жолдауында баса айтып келеді. Еліміздегі ішкі тұтастықты қамтамасыз етуде өлшеусіз қызмет етіп келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл күндері айналамыздағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылығын туғызған ел бірлігінің маңызды механизміне айналды. Татулық бесігіне айналған көпұлтты Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс жасап жатқан ұлттық-мәдени орталықтар, жоғары оқу орындарында ашылған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары Елбасы Жолдауларында көрсетілген елдің рухани дамуының басым бағыттарын бағдар етіп, қарқынды қызмет етуде.
ҚОҒАМ 22 қараша 2014 г. 1 276 0

СЫНДАРЛЫ КЕЗЕҢГЕ СЕРПІНДІ ҚАДАМ

Жаңа Жолдаудың идея­сы анық, көтерілген мәсе­лелер нақты болды. Елбасы бүгінгі күн­нің жайбарақаттылық пен жайбасарлықты көтер­мей­тінін баса ескертіп, Жол­даудағы игі бастамаларды Үкіметтің елу күннің ішінде тап-тұйнақтай, ас­қан дәлдікпен орындау керектігін тапсырды. Жолдау кезіндегі Елбасымыздың тұғырлы тұлғасы, халық­тың әлеуметтік тұр­мыс жағдайларының жақсар­уына, олардың бақытты да бақуатты өмір сүрулеріне бағытталған құтты қадам екені кім-кімге де аңғарылып тұрды.
ҚОҒАМ 22 қараша 2014 г. 991 0