« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан судьяларының VI съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әділ сот төрелігінің халықтың барлық топтары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, бұл істе электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында үстіміздегі жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында www.sud.kz «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Бұл ең алдымен Қазақстан Республикасында сот жүйесі мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы интернет ресурстары арқылы электронды қарым-қатынастарды жүзеге асыру үшін бағытталып отыр. Енді қазақстандықтарға ақпараттық сервистердің арқасында өз үйлерінен шықпай-ақ, ғаламтор арқылы сот құжаттарымен танысу мүмкіндігі ұсынылып отыр.
«Сот кабинеті» – сот органдарының сервисіне электронды түрде қолжетімді біртұтас терезе. Сол арқылы талап арыз беру, сот отырысының хаттамасына ескерту келтіру, өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу және беру, мемлекеттік алымдарды Он-лайн түрінде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі секілді әрекеттерді жүзеге асыруға болады.
Сонымен қатар, кез келген ел тұрғыны өзіне қолайлы уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен танысып, сот актісін басып шығара алады. Мұндай жаңа электрондық жобалар азаматтардың пошталық қызметтерге жұмсалатын қаржылық және уақыт шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, "Сот кабинеті” "Сот құжаттарымен танысу” сервисі логин, пароль, ЖСН-ды енгізу арқылы электронды сот құжаттарын көруге мүмкіндік бермек. Өтініші жолданған соң, азаматтар оның тіркелгені туралы талон мен электронды хабарламалар туралы келісімге ие болады. Сот процесіне қатысушы өзге тараптарға да сот тыңдалымы туралы талон жолданады.
М.ЖҮГІНІСОВА,
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маманы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |