« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
«Өнер – тәңір сыйы» десек, бойға біткен қасиетті танып, оны дамыту, жан дүниені тебірентткен ерекше сезімнен туған ән ырғағы тыңдаушыға жеткізіп, көкірек ояту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сазгер Алтын Бекенова ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы, әлемдік рекордтардың иегері Илья Ильиннің жеңісіне, жерлесінің жетістіктігіне сүйсініп шығарған «Илья – чемпион» әні тыңдарманның жүрегіне жол тапты. Сөзін жазған ақын Махмұтбай Әміреұлы.
– 2012 жылы облыстық «Сыр бойы» газетіне Ильяға арналған М.Әміреұлының өлеңін оқып, сол мезеттен бастап-ақ ән өмірге келді. Сол жылы Орталық алаңда өткізілген үлкен мәдени шара, Илья Ильинді ұлықтау рәсімінде бірінші мәрте Қызылорда облыстық филармониясының әншілері әнді орындады. Содан бері қала күнінде, спорт күніне арналған көптеген мерекелік және мәдени шараларда ән өз деңгейінде ұсынылып, қазіргі күні халық арасында насихатталып жүр, – дейді сазгер.
Алтын Бекенованың мұнан басқа перзенттік махаббаттқа толы «Сырым менің», «Жер жүрегі», «Тәуелсіздігім», «Туған жер», «Сыр – Алаштың анасы», «Нұр-Астана», «Елбасыға арнау», «Қазақстан» әндерімен қатар ең асыл сезім жайлы «Елес», «Ханзада», «Мен сол күні сұлуланып», «Көңіл көктемі», «Сені күттім», «Аяулым», «Сен» атты жүректі баурар әндері көптеген мәдени шараларда орындалып, байқау-конкурстарда жүлдегер атанды.
«ИЛЬЯ – ЧЕМПИОН»
Сөзі: Махмұтбай Әміреұлы
Әні: Алтын Бекенова
Жаралған жаның ерліктен,
Қаһармандықтан, өрліктен.
Жеңіске жеттің тағы да,
Алаңдап көптен ел күткен.
Қайырмасы:
Илья – асыл ұланым,
Самғаған биік қыраным.
Көтердің елдің тағы да,
Байрағын, әнін, ұранын!
Қос дүркін алтын алдырдың,
Қос дүркін тауды тауға ұрдың.
Көтеріп жеңіс тұғырын,
Қол жетпес көкте қалдырдың.
Илья Ильин – тау тұлға,
Қалдың сол таудай қалпыңда.
Таңдантың тағы әлемді,
Асырдың Сырдың даңқында.
Шаттық та шалқып, тасуда,
Ұланым Жеңіс басында.
Мерейің өсіп, ұлы елім,
Жарқыра жаңа ғасырда.
Илья – золотой чемпион,
Подарил много радости.
Синий флаг гордо внебо взмья,
Илья по правду победил!
Илья Ильин – алыбым,
Толағай болған тау ұлым.
Жарқырап жанған жұлдызым,
Жаһанға жайған жарығын.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |