« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесті
Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтудың негізгі мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасылды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы болып отырған Дидье Буркхальтер Ұйым қызметінің маңызды тұстары туралы да сөз қозғады.
Мемлекет басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктесі екендігін атап өтті.
– Сіздің ел Қазақстанға 2005 жылдан бері 12 миллиард долларға жуық инвестиция салды. Мұнда елу шақты швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Қазақстан Халықаралық валюта қорының швейцариялық кіші тобына қатысады. Біздің елдеріміз сыртқы саясатпен қатар ішкі саяси мәселелер бойынша да тығыз ынтымақтасып келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Швейцария Президенті өз кезегінде жылы шырайлы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары екенін айтты, екі елдің өзара қарым-қатынастары жоғары деңгейде екеніне назар аудара отырып, бірқатар перспективалы бағыттардың да бар екенін атап өтті.
Осыдан кейін Швейцария Президенті Дидье Буркхальтердің ресми сапары қорытындысына арналған бірлескен брифинг өткізілді.
Елбасы брифингте тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстан мен Швейцарияның арасында саяси және экономикалық тығыз қарым-қатынас орнағанына тоқталды.
– Біз Швейцарияның мемлекеттілікті нығайту мен түрлі салаларда саясат жүргізу тәжірибесін үнемі пайдаланамыз. Бұл ел Қазақстанның Еуропадағы төртінші сауда серіктесі саналады. Біздің тауар айналымымыз 4,5 млрд. долларды құрайды. Біздер бірқатар халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимыл жасаймыз, ХВҚ-ның швейцариялық кіші тобына қатысамыз, бұл екі елдің жақындасуына оң ықпалын тигізуде, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті швейцариялық компаниялар машина жасау, фармацевтика, химия өнеркәсібі жобаларына, елімізде жүргізіліп жатқан индустрияландыру аясындағы инфрақұрылымдар құрылысына қатыса алатынын айтты.
– Бүгіннің өзінде республикада 40-тан астам қазақстандық-швейцариялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл сапар біздің өзара қарым-қатынастарымызды жандандыруға мүмкіндік береді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Д.Буркхальтердің ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы екеніне назар аударды.
– Орталық Азия, әсіресе, Қазақстан біз үшін Еуропа мен Азияның арасындағы дәнекер ретінде маңызды мәнге ие. Біз Қазақстанға сыртқы істер министрліктерінің арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ұмтылысы үшін ризамыз. Сонымен бір мезгілде біз ынтымақтастықтың жаңа, перспективалы салаларын іздеуге зор көңіл бөліп отырмыз, – деді Швейцария Президенті.
Д.Буркхальтер ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы ретінде Украинаға қатысты күш-жігерді арттырудың және Минскіде қабылданған шешімдерді нақтылаудың маңыздылығын атап өтті.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |