« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жаңа Жолдаудың идеясы анық, көтерілген мәселелер нақты болды. Елбасы бүгінгі күннің жайбарақаттылық пен жайбасарлықты көтермейтінін баса ескертіп, Жолдаудағы игі бастамаларды Үкіметтің елу күннің ішінде тап-тұйнақтай, асқан дәлдікпен орындау керектігін тапсырды. Жолдау кезіндегі Елбасымыздың тұғырлы тұлғасы, халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайларының жақсаруына, олардың бақытты да бақуатты өмір сүрулеріне бағытталған құтты қадам екені кім-кімге де аңғарылып тұрды.
Қандай бір қысылтаяң кезеңнен жол тауып шығу елдің ауызбірлігі мен тынымсыз төгілген ақ-адал еңбегімен келетін экономикалық жетістіктердің жемісі. Өйткені, осы Жолдаудың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»деп аталуына Жаңа Экономикалық Саясат негіз болып отыр.
Президент Н.Назарбаев елдің тығырыққа тірелмеу жолдарын көрегендікпен айқындап, қаржы көлемін, экономикамыздың өсу жолдарын нақтылап берді. Жолдау ауқымды да өзекті мәселелерді қамтыды. Әсіресе, Жолдауда ынтымақ, бірлік, татулық жайлы айтқан жүйелі сөзі көпшілік көкейіне қонады.
Мемлекет басшысы тек қана экономиканың, бизнестің дамуына ғана емес, барлық саланың да осындай дағдарыстан шығудың жолдары айқындалып, үлкен қаржы бөлінгенін атап көрсетті. Соны ысырап қылмай, орнымен жұмсасақ, дағдарыстан шығудың жолы да жемісті болары сөзсіз. Ел үшін, ұрпақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді. Бұл Жолдау біздің бағыт-бағдарымызды айқындап, ертеңге деген сенімімізді нығайта түсті. Елбасымыздың саяси көрегендігі мен сарабдал саясаты дағдарысты жеңудің негізі болатынына сенім мол. Еліміздің денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары жаһандық деңгейде жаңашылдықпен жалғасын таба бермек.
Иә, қоғамымыздың басты құжаты «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» – Жолдауы бізге зор міндеттер жүктейді. Көпұлтты елімізге керегі ашық аспан, жас ұрпағымыздың келелі келешегі. «Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы», – деп Елбасымыз ерекше атап өтті.
Ендеше, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баршамыз сүйікті Қазақстанымыздың әлеуеті мен сәулеті үшін аянбай тер төгіп бар күш-жігеріміз бен білімімізді арнайтын кез келді.
Амангелді СУХАНБЕРЛИЕВ,
дәрігер, Денсаулық сақтау саласының үздігі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |