Арзан баға қайда бар?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегіне ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 776 0

ҰСТА МЫРЗАЛЫ

"Еңбек етсең емерсің” де­ген сөз бар қазақта. Елба­сының да еңбек адамын дә­ріптеуі, "Еңбек қоғамына қа­­­рай 20 қадам” атты Жол­дауына негіз болды. Ал, 70-тің желкесіндегі қарт адам­ның бейнеткештігін дәріп­теу, жалқаулыққа бет бұрған жастарға үлкен өнеге. Терең­өзектік Мырзалы Орын­баев осындай еңбекқор жанның бі­­рі. Қолынан келмейтін ісі, батпайтын тісі жоқ бей­нет­кеш. Темірден түйін түй­ген шебер.
ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 878 0
«Сұр антенналар» сұрықты кетіре бере ме?

«Сұр антенналар» сұрықты кетіре бере ме?

Қазір жерсеріктік антенналар нарығына қатысты мәселе туындап отырғаны белгілі. Заңсыз жұмыс істеп жатқан операторлардың қазақстандық телевизияның дамуына кедергі келтіріп отырғаны да жасырын емес. Осыған орай, Қызылорда облыстық радио және телехабар тарату дирекциясы сату бөлімінің басшысы Өркен Абилаевпен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
--- 18 қыркүйек 2014 г. 1 079 0

ҰЛТТЫҢ РУХЫН ОЯТҚАН ҚАЙРАТКЕР

«Отаныңмен салыстырғанда ең қымбатыңның өзі арзан», деп Қадыр ақын айтқандай, адамның ең қымбаты бір шыбындай жаны болса, бір шыбындай жанын шүберекке түйіп, сол кездегі Қазақстан басшысы Левон Мирзоянның шақыруын қабыл алып, Өзбекстандағы атқарып жүрген халық ағарту комиссары деген биік лауазымды қызметін қалдырып, Темірбек Жүргеновтің 1933 жылы өз Отанына – Қазақстанға халық ағарту комиссары қызметіне келуі, жеке басының амандығынан ұлт мүддесін жоғары қойған биік мұраттан туған шешім еді. Олай дейтінім, сол кезеңде Алаш ардақтыларының басына қара бұлт үйіріліп Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедовтер түрмеде, Әлихан Бөкейханов пен Мұхтар Әуезовтер жауапталып жүрген зұлмат кезең болатын.
ТАНЫМ 18 қыркүйек 2014 г. 2 983 0

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТАЛАПТАРЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕ БЕРЕДІ

Облыс әкімінің кеңесшісі Ғазымбек Алпысбаевтың қатысуымен мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы семинар-кеңес болып өтті. Оған мемлекеттік органдар қызметкерлері мен бизнес өкілдері қатысты.
ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 708 0

СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жуырда Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының депутаттығына бір­неше үміткер Қазалы ауданында болып, облыстық, аудандық мәслихат депу­таттарымен кездесті. Кездесуді облыс­тық сайлау комиссиясының хатшысы Қожамжар Наурызбаев ашып, жүргізіп отыр­ды. Қ.Наурызбаев жиналғандарды Се­нат депутаттығына үміткер Бекмырза Еламанов, Серікбай Өмірзақов, Әшім Ораз­бекұлының өмірдерегімен таныстырды.
АҚПАРАТ 18 қыркүйек 2014 г. 1 170 0

БАҚЫТТЫҢ БАҒЫНА БӨЛЕНГЕН ӘУЛЕТТІҢ ЕҢБЕК ӨТІЛІ 260 ЖЫЛ

Жұмыс кабинетінде отырғанмын. Жаным­дағы әріптестер бір салада еңбек ететін әулет жайлы сөз етіп отыр. Осы сәт менің есіме Тереңөзектегі Рүстем Садықұлы түсе кетті. Өзі де, жұбайы да, ұл-қыздары мен немерелері де ақ халатты абзал жандар. Әулеттің денсаулық саласындағы еңбек өтілі 260 жыл болыпты. Неге өнеге етпеске?!
ТАҒЫЛЫМ 18 қыркүйек 2014 г. 1 118 0

ТІЛ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда ғана Ұлытау өңірінде ортаға салған мәселелерінің ішінде ерекше назар аудартқаны – мемлекеттік тілге деген көзқарастары болды. Мемлекеттік тілге қамқорлық танытып отыруы Елбасымыздың тіл тағдырына бейжай қарамайтындығын білдіреді.
ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 1 879 0

АЙМАҚ-АҚПАРАТ

«Ақниет» бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны Амит Мурадов «Бастама» номинациясы бойынша грант иеленіп, жүк тасымалдау жобасы арқылы халыққа қызмет көрсетіп келеді. 
АҚПАРАТ 18 қыркүйек 2014 г. 835 0

ТӨРТ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ ГАЗДАНДЫРЫЛАДЫ

Үстіміздегі жыл­дың соңына дейін Қызыл­орда қаласы толық­тай та­би­ғи газға қосыла­ды. Бұ­дан бұрын хабарла­ғанымыздай, аудан орта­лықтарын газдандыру жұ­мыстары басталады.
АҚПАРАТ 18 қыркүйек 2014 г. 729 0