« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына бірнеше үміткер Қазалы ауданында болып, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесуді облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қожамжар Наурызбаев ашып, жүргізіп отырды. Қ.Наурызбаев жиналғандарды Сенат депутаттығына үміткер Бекмырза Еламанов, Серікбай Өмірзақов, Әшім Оразбекұлының өмірдерегімен таныстырды.
Мұнан соң Бекмырза Еламанов сөз алып, Сенат депутаты болу үлкен жауапкершілік екендігіне, сайланған жағдайда аймақтың дамуына, экономиканы өркендетуге барынша күш салатындығына тоқталды. Ал, Серікбай Өмірзақов болса Елбасының саясатын жүргізуге, елдің экономикасын көтеруге, білім мен ғылым саласын дамытуға өз үлесін қосатынын айтты.
Жүздесу барысында облыстық мәслихат депутаты Самұрат Имандосов кандидаттардың көпшілікке танымал азаматтар екендігін айта келе, Президентіміздің көреген саясаты нәтижесінде тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықта үлкен беделге ие болғанын, қоғамның жақсы үрдіске бет алғанын, кәсіби Парламент болу үшін дұрыс таңдау жасалу қажеттігін халық сенімінен шығатын тәжірибесі мол азаматтарға қолдау керектігін, Бекмырза Еламановтың облысқа сіңірген еңбегі ересендігін, еңбек жолын қатардағы жұмысшыдан бастап, жауапты қызметтерге көтерілгендігін, Серікбай Өмірзақовтың танымал ғалым, ауыл шаруашылығы саласына жетіктігін бүкпесіз жеткізді.
Кездесуде аудандық мәслихат депутаты Қасқырбай Әлімбай кандидаттарға сәттілік тілеп, мәслихат хатшысы Талайлы Бөріқұлақов депутаттардың Сенат депутаттығына кандидаттар туралы жылы пікір білдіріп жатқанын, таңдауды дұрыс жасайтынына сенім білдірді.
Жиынды облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қожамжар Наурызбаев қорытындылады.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
***
Сырдария аудандық мәслихатының ғимаратында ҚР Парламенті сенатының депутаттығына үміткерлермен алғашқы кездесу болып өтті. Кездесуді облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Наурызбаев жүргізді.
Кездесу барысында облыстық сайлау комиссиясының хатшысы сайлауға түсіп отырған үміткерлерді таныстырды. Атап айтар болсақ, облыстық мәслихат хатшысы Бекмырза Еламанов, Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Әшім Оразбекұлы және «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның бас директоры Серікбай Өмірзақов – ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлер.
Үміткерлердің жасаған қызметтері, отбасылық жағдайлары таныстырылған соң, кездесуге қатысушылар өздерінің лебіздерін жеткізді. Аудан әкімі Ғ.Қазантаев, аудандық мәслихат депутаты, «Мәді Қажы» ЖШС-ның төрағасы А.Камалатдин, аудандық мәслихат хатшысы Б.Маншарипов үміткерлерге үлкен сенім артты.
Осындай кездесу Жалағаш аудандық мәслихатында да болып өтті. Жергілікті халық қалаулылары үміткерлердің өмірбаянымен танысып, кездесуге үлкен маңыз берді.
Осынау мәртебелі лауазымды иеленген азаматтың иығына халқының жүктер аманаты аз болмайтыны анық. Үміткерлердің ел мүддесін қорғауда еселі еңбек ететініне аудан депутаттары риясыз сенім артты. Айталық, аудандық мәслихат хатшысы К.Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Б.Сыздықов, аудан әкімінің орынбасары Ө.Елеусінов сынды азаматтар ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына сайлауға түскелі отырған үміткерлерге сәттілік тіледі.
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
Сырдария, Жалағаш аудандары.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |