Үстіміздегі жылдың соңына дейін Қызылорда қаласы толықтай табиғи газға қосылады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, аудан орталықтарын газдандыру жұмыстары басталады.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылдың өзінде 4 аудан орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері) мен Байқоңыр қаласында автоматтандырылған газ тарту стансаларының құрылысы жүреді. Бұл жұмыстарды бастау жөнінде Астана төрінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында Меморандумға қол қойылды. Жоба құны 23 млрд. теңгені құрайды. Келісім бойынша кварталішілік газ құбырлары да жүреді. Бұл жұмыстар толықтай аяқталғанда облыс халқының 23 пайызы табиғи газға қосылады.