ҰСТА МЫРЗАЛЫ

"Еңбек етсең емерсің” де­ген сөз бар қазақта. Елба­сының да еңбек адамын дә­ріптеуі, "Еңбек қоғамына қа­­­рай 20 қадам” атты Жол­дауына негіз болды. Ал, 70-тің желкесіндегі қарт адам­ның бейнеткештігін дәріп­теу, жалқаулыққа бет бұрған жастарға үлкен өнеге. Терең­өзектік Мырзалы Орын­баев осындай еңбекқор жанның бі­­рі. Қолынан келмейтін ісі, батпайтын тісі жоқ бей­нет­кеш. Темірден түйін түй­ген шебер.

Нарық заманында оның ісмерлігі, ұсталығы кәдеге жарап тұр. Зейнеткер болсаң да Мырзекеңдей бол деп, көпшілік тірлігіне дән риза. Қарап отырмайды, фургон "Москвичімен” ойға-қырға шап­­қылап, үйіне отын да, көмір де тасиды. Үйінің ма­ңайы жеміс ағаштарына то­лы. Әрі диқаншы ол бау-бақ­шаны да өзі баптайды. «Өзіңді-өзің қамтамасыз ет, сонда бақуаттылыққа же­тесің» – дейді қария. Тұ­ғырдан түсе қоймаған ол зей­неткермін деп үйде қол қусырып қарап отыр­майды. Тырбанып тірлік жасауының арқасында ден­сау­лығы да бабында. Еңбек десе ерін­бей, қашанда ширақ қимыл танытады.

Сырдария ауданы Те­рең­­өзек кентінің байырғы тұр­­­ғыны Мырзалы ақсақал ке­­зінде аудандық автокөлік ме­­кемесінде ұзақ жылдар жүр­­гізу­ші, ме­ханик болып ең­­бек етті. Зейнеткерлікке де шыға ал­май кәсіптері қыс­­­қарып, жұмыссыздыққа ұшы­рады. Бірақ қолының еп­­тілігі арқасында заман кө­ші­нен қалмады. Нарықтың қай­раңына қайырлап қал­ған жоқ. Үйден көліктер жөн­деді, отбасына қажетті тұр­мыстық құралдарды жасады, елден алыс қиян шетке ба­рып, бау-бақша өнімдерін ек­ті. Балаларының бәрін же­тілдірді. Бүгінде оншақ­ты не­ме­ре сүйіп отыр. Ақ­жарқын азамат, жетпіске жа­қындаса да қарттыққа мойынсұнбай тірлік жасап, одан өзі ләззат алып отыратын ұста Мырзекеңнен кейінгі жастар мол үлгі алаты­нына сенеміз.

Нұрбек Сағатұлы.


ҚОҒАМ 18 қыркүйек 2014 г. 838 0