Кеше "Сыр медиа” ЖШС жанындағы облыстық телекоммуникациялар орталығында облыстық прокуратураның биылғы бірінші жартыжылдықтағы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Бұл туралы облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов баяндап берді.
АҚПАРАТ
24 шілде 2014 г.
910
0
Осыдан бiраз уақыт бұрын Елбасы қаржы мен мүлікті заңдастыру туралы заң дайындау жөнінде Үкімет пен Ұлттық Банкке тапсырма берген болатын. Міне, енді соның нәтижесі ретінде елімізде капиталға рақымшылық жариялау мерзімі белгілі болып отыр. Биыл қыркүйектің бірінен бастап келер жылдың желтоқсан айына дейін көлеңкелі меншік пен табысты заңдастыруға мүмкіндік беріледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚОҒАМ
24 шілде 2014 г.
1 799
0
Біріккен Ұлттар Ұйымы үшжылдық бағдарламаны жүзеге асыру барысында аймақ халқының өмір сүру сапасын жақсартуға 8,7 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы сейсенбі күні облыс әкімшілігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевпен кездескен сәтте БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулл мәлімдеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
24 шілде 2014 г.
1 010
0
Қадір түні қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚМДБ-ның облыстағы өкілі, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаровты қабылдады. Кездесу барысында бас имам айлардың сұлтаны – Рамазан айында атқарылған жұмыстар жайын сөз етті. Сондай-ақ, Қадір түні жүзеге асырылатын шаралар туралы баяндады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
24 шілде 2014 г.
906
0
Бүгінде халық банктердегі депозиттерге сенеді, сондықтан да депозиттер арта түсуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
АҚПАРАТ
24 шілде 2014 г.
739
0
Бұл күндері ауданның сәулеті мен көркін кіргізетін орталық алаңда қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
АҚПАРАТ
24 шілде 2014 г.
1 806
0
Алмасбек Ахметұлы Әбсадық 1966 жылы Қызылорда облысы, Тасбөгет қыстағында дүниеге келген. 1991 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітіріп, Білім министрлігінің жолдамасымен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оқытушылық қызметке орналасады. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі таңда аталмыш университеттің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарады. Біздің тілшімізге елге демалыс пен іссапарды серік етіп келген жерлесімізбен сұхбат алу мүмкіндігі туындаған еді...
ҚОҒАМ
24 шілде 2014 г.
846
0
Ішектің бітелуі – ішек ішіндегі заттың мүлде жүрмеуі. Ішектің бітелу себебіне қарай ол екі түрге бөлінеді: динамикалық және механикалық. Динамикалық ішек бітелуі ішек қабырғасының қозғалу қызметі шұғыл тоқтаған кезде байқалады. Бұл екі жағдайда орын алады: қандай да бір себептің әсерінен ішектің бір бөлігі қатты түйіледі (спазмалық түйілу) және керісінше, ішек қабырғасы салданады (паралитикалық түйілу).
ҚОҒАМ
24 шілде 2014 г.
1 991
0
Бүгінде теледидарды қосып қалсаң, болды түрлі жағдайлардың куәсі боласың. «Атып кетіпті», «зорлапты», «тонап кетіпті» деп толассыз айтып жатады. Құлағымыз да, етіміз де үйреніп кетті. Үйренгеніміз соншалық, тіпті, қанды оқиғалардың бірі деп бейжай қарайтын дәрежеге жеттік. Барлығы жан-жақты дамыған заман мен технологияның жеті атасын меңгерген қоғамда ешнәрсе ешкімге тансық емес. Тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, әлпештеп өсірген ұлың мен қызың бірі намысын жоғалтып, бірі арын сатып күнелтуде. Жетесіз, қайырсыз ұл әкесі мен шешесін жәутеңдетіп қарттар үйіне жіберуде. Тіпті, ата-анасын өлтіріп, көміп тастап жатқандар қаншама? Балаларымыз неге мұншалықты қатыгез болды екен? Тәрбиенің әлсіздігі ме, әлде алпауыт қоғамның әсері ме? Әркім әртүрлі пайымдайтын болар. Менің мақсатым – өз ойымды жеткізу.
ҚОҒАМ
24 шілде 2014 г.
952
0
Жуырда Бесарық ауылдық округінің кітапханасында көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтің "Жусан иісі” және "Басында Үшқараның” атты повестері бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Шара мақсаты, "Бір ел бір кітап акциясына” қатысу, үздік шығармаларды халыққа кеңінен танытып оқу мәдениетін дамыту, жастарды отаншылдыққа, өнегелікке тәрбиелеу, әдеби-көркем кітаптарды оқуға тарту болып табылады. Конференцияға ауыл әкімі Ә.Абдуллаев, әкімгершілік қызметкерлері, тұрғындар мен өнер мектебінің мұғалімдері, ұстаздар және оқушылар қатысты.
РУХАНИЯТ
24 шілде 2014 г.
859
0