БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 14 %-ға АРТТЫ

Бүгінде халық банктердегі депозиттерге сенеді, сондықтан да депозиттер арта түсуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

«Халық сенімін сақтап қалдық, сол себептен де осы жылдың 1-маусымындағы жағдай бойынша, жыл басына қарағанда депозиттер саны 14%-ға ұлғайды. Бұл ақпан айында болған смс-шабуыл мен 200 млрд. теңгеден астам соманың алынуына қарамастан болып отыр. Бүгінде халық банктердегі депозиттерге сенеді, сондықтан да депозиттер арта түсуде», – деді Қайрат Келімбетов.


АҚПАРАТ 24 шілде 2014 г. 731 0