ШИПАГЕРЛЕР

Қашан көрсең де күле сөйлеп, жайдары жүретін Әбекең – көп құрметтісі. Адам еңбегімен өсе­ді емес пе, оны осы дәрежеге жет­кізген жұртшылыққа деген жы­лы қатынасы мен өз ісіне деген адалдығы. Оның үстіне жас кезі­нен қалаған мамандығын жете игерумен бірге, оны замана тала­бына сай жетілдіріп отыруы қа­тар­ластарынан биіктете түскен сы­ңайлы. Жігіттің қосағы жарасым­ды болса, тартқан керуенінің жүгі аумайды.
ҚОҒАМ 15 мамыр 2014 г. 2 048 0

КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАҚЫНДАП ҚАЛДЫ

Тереңөзек кенті жанынан өтетін Сырдария өзеніне салынып жат­қан көпір маңызды құрылыс саналды. Себебі, көпір Сырдария ауданы тұрғындары үшін ондаған жылдар бойы толғандырып жүрген толғақты нысан болатын. Дарияның екі бетіне қоныс тепкен елді мекен тұрғындарының бір-бірімен қатынасы қиындап, шалғай жерлермен сабылып жүруге мәжбүр болатын.
АҚПАРАТ 15 мамыр 2014 г. 901 0

МЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет орталығында салтанатты шара өтті. Салтанатты  жиынды ашқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәкен Серғазив мереке иелерін  құттықтап,  жылы лебізін білдірді. 
АҚПАРАТ 15 мамыр 2014 г. 1 622 0

ӨНЕР ОРДАСЫНЫҢ ОНКҮНДІГІ

М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Қызылорда қаласында онкүндігі бас­талды. «Театр көктемі – 2014» фестивалі аясында ұйымдастырылып жатқан бұл шара КСРО және Қа­зақ­станның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реа­ты Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналуда. Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек бастаған ұжым бүгінде түрлі қойылымдарды Сыр жұртшылығына ұсынуда. 11 мамырда өнер ұжымы У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасын» сахналады.
АҚПАРАТ 15 мамыр 2014 г. 954 0

МӘҢГІЛІК ЕЛ МӘДЕНИЕТТЕН БАСТАЛАДЫ

Дүйсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймағымызға гастрольдік сапармен келіп жатқан М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры­ның бір топ өкілдерін қабылдады. Атап айтқанда, қабылдауда театрдың директоры Еркін Жуасбеков, театрдың көркемдік жетекшісі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, ди­ректордың кеңесшісі Есмұхан Обаев және белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов болды.
АҚПАРАТ 15 мамыр 2014 г. 878 0
ӨНЕРГЕ КӨЗҚАРАС ӨЗГЕРІП КЕЛЕДІ

ӨНЕРГЕ КӨЗҚАРАС ӨЗГЕРІП КЕЛЕДІ

Өңірімізде М.Әуезов атындағы ака­де­миялық драма театрының онкүндігі өту­де. "Театр көктемі-2014” фестивалі аясын­да ұйымдастырылған шара КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемле­кеттік сыйлықтың лауреаты Сәбира Май­қанованың 100 жылдығына арналып отыр. 
АҚПАРАТ 15 мамыр 2014 г. 1 262 0
Арал жастары инватакси жобасын қолға алды

Арал жастары инватакси жобасын қолға алды

Арал ауданында мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жұмысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысымен «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі қолға алмақшы. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 мамыр 2014 г. 866 0
СОЛ ЖАҒАЛАУДЫҢ СӘУЛЕТТІК ЖОБАСЫ

СОЛ ЖАҒАЛАУДЫҢ СӘУЛЕТТІК ЖОБАСЫ

Кез келген дамыған елдердің өзен бойына орналасқан  қалалары өзіндік кескін-келбетімен, көзтартар сәулеттілігімен ерекшеленеді. Осы орайда соңғы уақыттары Қызылорда қаласының сол жағалауын дамыту ісінің қолға алынуы көңілге қонады. Халыққа берген есебінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бұл бағытта биылдан бастап кең көлемді жұмыстар жүргізілетінін атап көрсеткен болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 мамыр 2014 г. 3 595 0

ОБЛЫСТАР ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ

"Саясат-Monitoring” тобының зерттеушілері 2014 жылдың сәуір айының нәтижелері бойынша әкімдер жұмысының тиімділігін анықтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 мамыр 2014 г. 782 0
ЕЛІН СҮЙГЕН ЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Сыр аймағы – батырлар мен билердің, дарабоз дарындар мен текті тұлғалардың мекені. Осын­дай елін сүйіп, емірене еңбек еткен, Сыр елінің өсіп-өркендеуіне өзін­дік үлесін қосып, ар­тында өшпестей із қал­дырған айтулы аза­маттардың бірі, қоғам және мемлекет қайраткері Қонысбек Төрешұлы Қа­зантаев. Елін сүйген ерге тағзым жасап, өнегелі өмірі мен Сыр топырағына жасаған жақсылығын бүгінгі ұрпаққа ұлағат етуді мақсат еткен облыс әкімдігінің бастамасымен Қонысбек Қазантаевтың 90 жылдығына арналған еске алу шаралары салтанатты жағдайда өтті.
АҚПАРАТ 15 мамыр 2014 г. 1 635 0