Арал ауданында мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жұмысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысымен «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі қолға алмақшы.
Инватакси қызметі мүмкіндігі шектеулі жандарды төменде тағайындалған объектілер және пункттер бойынша мүгедектің жұмыс орны, мүгедектік оқитын орны, уәкілетті және орындаушы органдар, сот, прокуратура, әлеуметтік салалар объектілері, әділеттік кеңестер, нотариус, теміржол вокзалы, автовокзал, арнайы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерге баратын болса өз қызметін ұсынады. «Инватакси қызметін пайдалану үшін мүмкіндігі шектеулі жандар өтініш (еркін нысанда), жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысан бойынша медициналық ұйымның қорытындысы секілді е құжаттарды тапсыруы тиіс» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.