МӘҢГІЛІК ЕЛ МӘДЕНИЕТТЕН БАСТАЛАДЫ

Дүйсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймағымызға гастрольдік сапармен келіп жатқан М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры­ның бір топ өкілдерін қабылдады. Атап айтқанда, қабылдауда театрдың директоры Еркін Жуасбеков, театрдың көркемдік жетекшісі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, ди­ректордың кеңесшісі Есмұхан Обаев және белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов болды.

Қабылдаудан соң Е.Жуас­беков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, қысқаша сұхбат берді. Ол облыс басшысының мәртебелі меймандарды ықыласпен қарсы алғанын жеткізді. Қырымбек Елеуұлы еліміздегі бірегей өнер ұжымының гастрольдік сапары аймағымыз үшін үлкен мәдени оқиға саналатынын атап өткен. Кездесу барысында қазақ халқының рухани өмірінің келелі мәселелері жан-жақты әнгіме болды деді театр директоры. Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы өнер мен мәдениеттің алар орны ерекше екені айтылған. Кездесу соңында облыс әкімі өнер ұжымына табыс тіледi дедi театр басшысы.

Ыдырыс ТҰРЛЫҒҰЛОВ.
АҚПАРАТ 15 мамыр 2014 г. 873 0