ШИПАГЕРЛЕР

Қашан көрсең де күле сөйлеп, жайдары жүретін Әбекең – көп құрметтісі. Адам еңбегімен өсе­ді емес пе, оны осы дәрежеге жет­кізген жұртшылыққа деген жы­лы қатынасы мен өз ісіне деген адалдығы. Оның үстіне жас кезі­нен қалаған мамандығын жете игерумен бірге, оны замана тала­бына сай жетілдіріп отыруы қа­тар­ластарынан биіктете түскен сы­ңайлы. Жігіттің қосағы жарасым­ды болса, тартқан керуенінің жүгі аумайды. Ағамызға жаратушы ұш­қыр талант пен қабілет және де ақжарқын да кең пейіл, түсінігі мол жанды жар етіп сыйлады. Ұлтай да өзі секілді дәрігер. Алматыдағы Асфендияров атындағы медици­на­лық институтта педиатр маман­дығын алып шықты, қатар оқыды, ерке қызбен танысты, сырласты соңы бір-біріне қимас жандарға айналып шыға келді емес пе?!

Елбасымыздың «Еңбек қоға­мы­на 20 қадам» атты еңбегі зор маңызға ие, онда әр адамның үл­кен өмірде орнын табуына, кетігін тауып қоғамның кірпіші болып қалануына жол ашу, қа­білетіңе қарай бір мамандықты сүю, оны жете игеру тұрғысында әңгіме өрбітіледі. Міне, осы орай­да біз манадан сөз етіп отырған тіс дәрігері Аманкелді Әбдрахмановтың орны ерекше.

Ел сеніміне ие болған Әбекең­нің басшылығындағы Шиелідегі тіс емдеу орындарының бірі – «Әде­мі» тіс емханасы. Халық ден­саулығына айтарлықтай қызмет көрсететін емдеу мекемесінің жа­­са­ған қызметіне риза болып жүр­ген аудан тұрғындары мол.

Ол 1982 жылы аудандық сто­мотологиясы ретінде қызмет көр­сетсе, қазіргі таңдағы «Әдемі» де­ген атқа 1997 жылдан бері ие. Оның басшысы Амангелді Әб­жап­барұлының жоғары білік­ті, кәсіби маман екендігін жоға­рыда айтып өттік. 1970 жылы медициналық институтты бітіріп келісімен осы салада 40 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқа­рады. Оның бастауымен құрылған «Әдемі-тіс» мекемесі сол кезден бері халыққа тұрақты қызмет көрсетеді. Мекемеде нақты кезең­де халық жанашыры бола білетін 26 қызметкері бар. 1970 жылы бітіріп осы салада 40 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқаруда. Ме­кемеде 5 тіс дәрігері, 10 аяжан, 3 санитарка қызмет етеді.

Жас мамандар Дәурен мен Нұр­лан қарымды ұстаздың өз інілері. Олар да медицина ака­демиясын жақсы үлгеріммен бі­тірген азаматтар. Бір әулеттен шыққан ағалы-інілі, ерлі-зайыпты кісілер осылай өз біліктерін халық денсаулығының жақсы болуына арнауда.

Аталмыш тіс емдеу мекемесі биылғы жылғы мемлекеттік бағ­дарламаға сай, мектеп оқушы­ларын емдеуге 600 баланы есеп­ке алып, ол үшін «2020 бағ­дарламасы» бойынша қаржы алуға да қол жеткізді. Соны өз орнымен тиімді пайдалану мақсатында дәрігерлері жігерлі жұмыс атқа­рып келеді. Аудандағы барлық стомотологиялық орталықтардың көшбасшысы осы ме­кеме десек, ар­тық айт­қандық емес. Әри­не, бұл басшы­ның мол тәжірибесімен білікті бас­шы­лығының жемісі.

Жуырда қуа­нышты хабар кел­­ді, «Әдемі» тіс емдеу меке­месі «Ұлттық биз­нес орта­лығы­ның» «Сала жеңім­па­зы-2014» номинациясына ие бол­­са, бас дәрігер Аманкелді Әбд­рахманов «Даңқ жұлдызы» ор­денімен мара­патталды. Ал жас маман Дәурен медальға ие болды. Бұл ұжым үшін де, дәрігерлер әулеті үшін де үлкен жетістік, зор құрмет деп есептейміз.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі ауданы.

ҚОҒАМ 15 мамыр 2014 г. 2 022 0