« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет орталығында салтанатты шара өтті. Салтанатты жиынды ашқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәкен Серғазив мереке иелерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Құрметті мейірбикелер, сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің ең көп санаты мейірбикелер болып табылатыны және тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда сіздердің жұмыстарыңыздың сапасына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта мұндай кәсіптің қажеттілігі туралы дәлелдеп жатудың өзі артық, ол кез келген елде денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегіне айналған. Төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Еліміздің, аймағымыздың денсаулық сақтау саласының дамуы жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді Сәкен Серғазиев.
Айта кету керек, бұл мерекенің тарихы бір ғасырдан асады, алайда, 1971 жылдан бері ғана ресми түрде аталып өтуде. Сол жылы әлемнің 141 елінің мейірбикелері өздерінің кәсіби қоғамдық ұйымы – Мейірбикелердің халықаралық кеңесін құрды. Бұл күн Флорнес Найтингейлдің туған күніне орай 12 мамырда аталып өтіледі. Халықаралық Қызыл Крест ұйымы екі жыл сайын Флорнес Найтингейл атындағы ең мәртебелі медальді әлемнің үздік 50 мейірбикесіне табыс етеді. Дүниежүзі бойынша мейірбикелер үшін ең құрметті және жоғары марапат болып табылатын аталған медальдің лауреаты атанған алты қазақстандық болса, соның бірі біздің облысымыздың тұрғыны Рәзия Шәкенқызы Ысқақова екенін зор мақтанышпен айтамыз.
Мерекелік жиында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды. Өнерлі жастар әннен шашу шашты. Салтанатты шара одан әрі «Абзал жанды аяжан» атты мейірбикелердің облыстық байқауымен жалғасты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген байқауға 18-25 жас аралығындағы тоғыз талапкер қатысты. Олар байқау шартына сәйкес өзін-өзі таныстыруға арналған бейнеролик, өнер көрсету, кәсіби ситуациялық сұрақтарға жауап беру және сәндік киімдер шеруі кезеңдері бойынша бақ сынасты. Қорытындысында бірінші орынды №4 Қызылорда қалалық емханасының аяжаны Манзура Құлмағамбетова жеңіп алса, екінші орын №2 қалалық емхана мейірбикесі Гүлнұр Әбілдаеваға берілді, ал үшінші орынға облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің мейірбикесі Сандуғаш Бекжанова лайық деп танылды.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |