ЖАРҚЫРАП КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!

ЖАРҚЫРАП КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!

Қызылорда қаласындағы «Жас-Нұр Шөмекей» мектепке дейінгі шағын орталығы қаладағы іргелі тәрбие орындарының бірі. Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында өмірге келген бұл балабақшада бүгінгі таңда сексеннен астам бала бар.  Балабақша тек балаларға білім мен тәрбие беріп қоймайды, сонымен бірге қала деңгейінде түрлі қайырымдылық шараларға ұйытқы болып, өзге балғындарға қуаныш сыйлауды дәстүрге айналдырған.  Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Талсуат ауылдық округінде орналасқан облыстық балаларды оңалту орталығында ұйымдастырылған мерекелік шара соның бір дәлелі. 
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2013 г. 2 036 0

ЕКІНШІ ДОНОРЛЫҚ ЖYРЕК

Өткен  жылы Қазақстанда алғаш рет Ұлттық-ғылыми кардиохирургия орталығында донорлық жүректі трансплантациялау жасалды. 46 жастағы әйелдің жүрегі бір жылдан астам уақыт бойы Жәнібек Успановтың кеудесінде соғылуда. 2013 жылдың 7 қарашасында Қазақстан кардиохирургиясында  маңызды оқиға болып, донорлық жүрек екінші рет сәтті трансплантацияланды.   
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2013 г. 910 0

ДАРАБОЗ ДӘРІГЕР

Есімдері елге танымал айтулы азаматтар қашанда санаулы. Заманында топ бастаған тұлғалар ешқашан тасада қалған емес. Осындай азаматтардың бірі, тіпті бірегейі, адам жанының арашасы болып жүрген Сырдария аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, хирург Шынтас Зетов десем, асыра айтқандығым болмас.
ТАҒЫЛЫМ 28 желтоксан 2013 г. 1 429 0

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ АЯСЫН КЕҢЕЙТУ ҚАЖЕТ

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Өйткені, біздің ана тіліміз – Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі де болуы  керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
ҚОҒАМ 28 желтоксан 2013 г. 1 170 0
ӨҢІРЛІК СЕМИНАРДА ӨРЕЛІ ІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӨҢІРЛІК СЕМИНАРДА ӨРЕЛІ ІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Бәйменов Оңтүстік өңір журналистеріне «Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрінісі» атты семинар өткізді. Еуропа Одағының «Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» жобасы қолдауымен жүзеге асқан бұл шараға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы БАҚ өкілдері қатысты.   
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2013 г. 1 123 0

ҚАЙРАТКЕР ҒАЛЫМ «СОКРАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Досманбетов Англияның Оксфорд университетінің «Ғылымдағы атағы үшін» номинациясы бойынша «Сократ» орденінің иегері атанды. Бұл марапат 27 ректордан тұратын «Еуропадағы ректорлар клубы» қауымдастығының шешімімен ғылыми журналдарда жазылған зерттеулері негізінде беріліп отыр. 
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2013 г. 969 0

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ ЕСЕЛЕП ӨСТІ

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» еншілес компаниясының «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2005 жылдан бастап еліміздің қаржы нарығында табысты қызмет етіп келеді. Қордың негізгі мақсаты – несие ресурстарын ауыл тұрғындарына барынша қолжетімді түрде ұйымдастыру, олардың  хал-ахуалын жақсартып, аяқтан нық тұруға жәрдем беру. Компанияның жыл бойы атқарған жұмыстары жөнінде тілші сауалына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Нармұхан  Қалмаханұлы Сарыбаев жауап береді. 
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2013 г. 974 0

ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

Облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым, жерлесіміз Бауыржан Елеусінов Халықаралық Ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайланды.
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2013 г. 1 119 0

«ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» ЖҮЗЕГЕ АСПАҚШЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы маңында «жасыл белдеу» құру туралы мәжіліс болып өтті. 
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2013 г. 1 142 0

ОБЛЫСТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯ ЖҰИЫСЫ ОҢ БАҒАЛАНДЫ

Астана қаласындағы Қазақстан футбол федерациясының конференц-залында аймақтық федерациялардың қорытынды жұмыстары жайында жиын болып өтті. Оған республикалық федерацияның вице-президенті Виктор Катков қатысты. 
АҚПАРАТ 28 желтоксан 2013 г. 910 0