ОБЛЫСТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯ ЖҰИЫСЫ ОҢ БАҒАЛАНДЫ

Жиынның күн тәртібінде аймақтық федерациялардың есептік және статистикалық көрсеткіштері пікір алмасу түрінде жұртшылық назарына ұсынылды. В.Катков бұл бағытта өзінің ой-пікірлерін білдірді. Қол жеткен жетістіктер мен проблемалар жайында әңгіме қозғады. Жиын барысындағы негізгі мәселенің бірі ретінде аймақтарда футболды дамыту бағдарламасын атап айтуға болады. 
Мамандар аталмыш бағдарламаның мақсаты мен міндетіне тоқталып өтті. Өкінішке орай, еліміздің кейбір өңірлерінде ол әлі күнге дейін бекітіле қойған жоқ. Қазақстан футбол федерациясы 2014 жылдың 1 наурызына дейін оны дайындап және бекіту жөнінде қатаң талап қойып отыр. Бұл бағдарлама келешекте Қазақстанда футболды дамытуға бағытталған негізгі құжаттың біріне айналады деп күтілуде. Сондықтан аталмыш сауалға байланысты жиынға қатысушы мамандар жан-жақты пікір алмасты. ҚФФ вице-президенті өзінің ұсыныстарын да білдірді. 
Өзінің хабарламасында В.Катков бірқатар федерациялар бойынша оң бағытта жұмыстың көкжиегі кеңейіп келе жатқанын тілге тиек етті. Әсіресе, бүгінгі таңда Қызылорда облысы футбол федерациясының жасап жатқан жұмыстарын ерекше айта кетуге тұрарлық. Олар Қазақстан футбол федерациясымен тығыз қарым-қатынас жасап, байланысты нығайта түсті. Облыс басшылығы тарапынан лайықты қолдау бар. Жұмыс жүйелі жүргізіле бастады. Бұл орайда оның жетекшілігіне облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаевтың келуін ерекшелеп атап өтуіміз тиіс. Сондай-ақ, жиын барысында Маңғыстау және Қарағанды облыстары футбол федерацияларының жұмыстары да оң бағаланды. 
Аталмыш жиында Қарағанды және Қызылорда облыстары футбол федерацияларының атқарушы директорлары Николай Бублинский, Асқар Сереков және өзге де азаматтар ой-пікірлерін білдірді. 
Жиын соңында В.Катков ҚФФ атынан Қазақстан футболының 100 жылдығына орай бірқатар мамандар мен ардагерлерге мерейтойлық медальдар табыс етті. 
Әділжан ҮМБЕТ. 

АҚПАРАТ 28 желтоксан 2013 г. 902 0