Өткен жылы Қазақстанда алғаш рет Ұлттық-ғылыми кардиохирургия орталығында донорлық жүректі трансплантациялау жасалды. 46 жастағы әйелдің жүрегі бір жылдан астам уақыт бойы Жәнібек Успановтың кеудесінде соғылуда. 2013 жылдың 7 қарашасында Қазақстан кардиохирургиясында маңызды оқиға болып, донорлық жүрек екінші рет сәтті трансплантацияланды.
Алғаш рет донорлық жүрек үлкен қашықтықтан – Алматы қаласынан Астана қаласына TransMedіcs (АҚШ) атты бірегей медициналық жабдықпен тасымалданды. Бұл жабдық әлемнің үш жетекші клиникаларында қолданылады – АҚШ, Австралия, Германия, енді Қазақстанда да бар.
Еліміздің азаматы Болат Исаевтың өмірін құтқару бойынша операция бірнеше клиникалардың: Ұлттық-ғылыми кардиохирургия орталығы, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық-ғылыми хирургия орталығы, Трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығы, Санитарлық авиация республикалық үйлестіру орталығы және Алматы қаласы клиникаларының ортақ жұмысы нәтижесінде мүмкін болды.
Сондай-ақ, 2013 жылдың 26 қарашасында Ұлттық-ғылыми кардиохирургия орталығында соңғы үлгідегі жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау (LVAD) 100 пациентке операция жасалды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана мұндай операциялар елімізде жасалмайтын еді.
Қазақстандағы кардиохирургиялық қызметтің деңгейін әлемдік ғалымдар жоғары бағалайды. Мысалы, Оскар Фрейзер: «Қазақстандағы кардиохирургиялық клиниканың заман талабына сай екендігін байқадым, сіздердің кардиохирургия саласындағы мамандарыңыз өз жұмыстарына жауапты. Осы орталық мамандарының бірнеше операцияларына қатыстым, нәтижесінде операцияларының сәттілігіне көзім жетті. Мұндай деңгейді күтпеген едім, бұл кейбір еуропалық елдердің деңгейінен жоғары болып шықты. Қазақстанда кардиохирургияның қарқынды дамуына көзім жетті, бұл реанимациялық және операциялық бөлімшелердің жабдықталуы деңгейі бойынша жас кардиохиругтардың дайындығынан көруге болады» деді.
Мұндай жетістікке Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік салада жүргізіп отырған саясатының арқасында, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қол жеткізіліп отыр.
«Ұлттық-ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ баспасөз қызметі.