СЫР ЕЛІНІҢ ЕҢБЕК САЛТАНАТЫ

СЫР ЕЛІНІҢ ЕҢБЕК САЛТАНАТЫ

Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында биылғы егін жинау жұмысының қорытындысы бойынша өндіріс озаттарын марапаттау салтанаты болып өтті. Салтанатта облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың ауыл шаруашылығы саласының мамандарын қол жеткізген табыстарымен шын жүректен құттықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 13 қазан 2013 г. 1 470 0

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Сізді және Сіз арқылы барша Сыр өңірі тұрғындарын ұлт тарихында ерекше орны бар шаһар – Қызылорда қаласы іргесінің қаланғанына 195 жыл толуымен құттықтаймыз!
АҚПАРАТ 13 қазан 2013 г. 1 403 0
2013 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша арнайы номинациялармен марапатталғандар:

2013 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша арнайы номинациялармен марапатталғандар:

1. Озат бағбан номинациясы бойынша Қызылорда қаласының бағбаны, Юзеев Ринат Фикратұлы марапатталды. 300 мың теңге ақшалай сыйлық берілді. Өзінің бағынан 1 тонна алма, 1,5 тонна жүзім жинауды қамтамасыз етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 13 қазан 2013 г. 1 459 0
БЕРЕКЕЛІ, МЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

БЕРЕКЕЛІ, МЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

Күз қашан да молшылық пен тоқшылық, ұлан - асыр тойлардың мезгілі. Бұлай болатын жөні де бар. Ала жаздай егіс даласында тынбай еңбек еткен ағайын арқаны кеңге салатын осы уақытқа бар қызықшылығын ысырып отырады. Сол қызықшылықтардың бірі «Қала күні» мерекесінің соңын ала тойланған дала еңбеккерлерінің дүбірлі тойы – «Алтын күз» биыл да өзіндік сән-салтанатымен мерекеленді.
АҚПАРАТ 13 қазан 2013 г. 2 159 0
БЕРЕКЕЛІ БЕЙНЕТТІ, СӨЗ-БЕСІКПЕН ТЕРБЕТКЕН

БЕРЕКЕЛІ БЕЙНЕТТІ, СӨЗ-БЕСІКПЕН ТЕРБЕТКЕН

айтыс ақындары Сыр өңірінің келбетін кестеледі Аталған компания басшылығының ұйытқы болуымен 10 қазан күні Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында республикалық ақындар айтысы болып өтті. Сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктің белгісі болар, мұнай компаниясының демеушілігімен өткен айтысқа қызылордалықтар көп жиналды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / РУХАНИЯТ 13 қазан 2013 г. 1 553 0
ТӨЛ ҚОЛӨНЕРДІҢ ТӨРГЕ ШЫҚҚАН КҮНІ

ТӨЛ ҚОЛӨНЕРДІҢ ТӨРГЕ ШЫҚҚАН КҮНІ

Қызылорда қаласының 195 жылдық мерекесі аясында ұйымдастырылған шаралардың бірі – "Қолөнер – сырлы өнер” атты республикалық көрмесі. Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада ашылған көрмеге еліміздің әр аймағынан 40-тан астам шебер келген. Облыс әкімдігі мен "Қарлығаш” қолөнер шеберлер орталығының "Байқоңыр” ӘКК демеушілігімен ұйымдастырған шеберлер басқосуы республикалық деңгейде бірінші рет өткізіліп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 13 қазан 2013 г. 1 712 0
МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕЙТОЙЫ

МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕЙТОЙЫ

Жұмада Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС компаниясының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын болып өтті. Оған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, үздік мамандарға облыс әкімінің «Құрмет» грамотасын табыстады. Мұнайшылар мерейтойы орталық алаңдағы Қала күніне арналған Гала-концертке ұласты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 13 қазан 2013 г. 1 569 0
«ӘН ТЕРБЕГЕН ҚЫЗЫЛОРДА»

«ӘН ТЕРБЕГЕН ҚЫЗЫЛОРДА»

10-қазанда «Қала күні» мерекесі аясында «Сыр ана» ескерткіш монументінде «Ән тербеген Қызылорда» атты ән фестивалі өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 13 қазан 2013 г. 2 613 0

БАС ҚАЛАНЫҢ КӨРКІНЕ БАРШАМЫЗ YЛЕС ҚОСАМЫЗ

Осы аптаның бейсенбісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласының 195 жылдығына орай аудандар жөндеуден өткізген аллеяларды аралап көрді. Мұндай көркем көрініске толы орындар қаланың барлық бөлігінде кездеседі.
ҚОҒАМ 13 қазан 2013 г. 1 333 0

ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

Санаулы күндерден кейін жылу беру маусымы да басталады. Оған біздің әзірлігіміз қалай? Сейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен қысқа дайындық жөніндегі облыстық штабтың кезекті отырысында осы мәселелер жан-жақты түрде сарапқа салынды. Мәжілісте алғашқы болып облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылбек Шәменовтің хабарламасы тыңдалды. Оның айтуына қарағанда қысқа әзірлік жұмыстары аяқталуға жақындап қалған. Қала мен аудандардағы жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиісті 322 білім нысанының 99,7 пайызындағы жұмыстар толық аяқталған. Денсаулық сақтау нысандарындағы жөндеу жұмыстарының көрсеткіші де осындай. Ал мәдениет нысандары толықтай жөндеуден өткізілген. Сондай-ақ, 141 жылу қазандықтарының да 99 пайызы толықтай жөнделген. 
АҚПАРАТ 13 қазан 2013 г. 1 189 0