2018 жылдың қазан айынан бастап зейнеткерлік жасқа жеткендер үшін зейнетақыны рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді. Енді зейнеткерлікке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер «бір өтініш» принципі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
1 017
0
Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Славяне» қоғамдық- мәдени орталығы» Қоғамдық бірлестігі мүшелерінің "Споем вместе" атты шығармашылық ұйымының әнші - музыканттарымен халықаралық кездесуі ұйымдастырылды. Қонақтар Достық үйнің жұмысымен және мұражайымен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
593
0
Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сарапшылық топтың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын насихаттау бойынша кеңейтілген отырысы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
659
0
«Кәсіп бастау үшін қомақты қаржы керек деп тартынамыз. Шын мәнінде олай емес. Қазір идеяңды игілікке айналдыруда, бизнес-жоспар жасап, оны жетілдіруде мемлекет көмекке келеді. Тек алға ұмтылыс, санаға сілкініс керек». Бұл – Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылының тұрғыны Айдарбек Байсейітовтің пікірі. Бастауыш кәсіпкер биыл мемлекеттік бағдарлама көмегіне жүгініп, 530 мың теңге көлемінде қайтарымсыз несиеге қол жеткізген еді. Қуаныштысы, қолда барын ұқсата білді. Шағын наубайханасына қажетті құрал-жабдық сатып алып, бизнесін береке көзіне айналдырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
650
0
Әйел – отбасының ұйтқысы, шаңырақтың берекесі ғана емес, шаруашылықтың қай саласында болсын, өзінің лайықты бағасын алып жүрген еңбеккер. Бүгінгі қоғамдағы шаруашылықтың қай-қайсысында болсын әйел қолының таңбасы барына сүйсінесің. Әлбетте, бұл – жаңа заманның тың талаптарының көрінісі. Әйелдердің қабілеті мен қарымы, ой-өрісі мен іскерлігі, еңбекқорлығы қашаннан жоғары бағаланады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
588
0
Өмірге құштар жан. Басықара ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жақсыгүл Жадырасынмен тілдесуден соң осындай ой түйгенмін. Ешкімнің намысына тигіміз келмейді. Десе де түрлі сылтаумен (тұрақты жұмысым жоқ, тағы басқа) отбасының берекесін қашырып жүрген кейбір азаматтарды көргенде өзегіңді өрт шалғандай күй кешесің. Сондайда тағдыр тезіне мойымаған Жақсыгүл сияқты рухы мықты жандардың айналаңда барын білгенде ортайған көңілің бұлттан шыққан күндей жадырап сала береді. Тебірене түсіп «жігерің жасымасын, іске сәт!» дегенді іштей қайталайсың.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2018 г.
731
0
Қытайда билік өкілдері Тибет автономды ауданы мен Сычуань провинциясынан 24,5 мыңнан астам адамды эвакуациялады. Ірі лай көшкіні Цзиньша өзенін бөгеп, салдарынан су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды РИА Новости сілтеме жасаған http://alashainasy.kz/
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қазан 2018 г.
724
0
15 жасар қазақ қызы Дина Қожасаева «Мисс Мәскеу-2018» байқауының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қазан 2018 г.
577
0
Қызылорда облыстық прокуратурасы қару-жарақтар саласына тексеру жүргізіп, 28 марқұмның атына қару тіркелгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қазан 2018 г.
935
0
2018 жылы 1 қыркүйекте еліміздегі халық саны 18 миллион 311,1 мың адамға жетті. Бұл 2017 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда 237,6 мың адамға немесе 1,3% көп. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қазан 2018 г.
583
0