
Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сарапшылық топтың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын насихаттау бойынша кеңейтілген отырысы өтті.
Ғылыми-сарапшылық топ құрамының кеңейтілген отырысын Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Төрешова Ләйлә Бегалықызы :
- Қазақстан халқы Ассамблеясы діңгегі нығайған, ел мүддесі үшін қызмет ететін абыройлы қоғамдық институттардың бірі. Біз де өзіміздің құрылымдар арасында Жолдаудың негізгі аспектілеріне тоқталып, насихат жұмысын жүргізуді бастап кеттік. Осы отырыс та соның дәлелі.
Елбасы тарапынан уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдерін қысқаруға тапсырма берілді.
Құқықтық ортада өмір сүретініміз құқықтық қатынастардың әрбір азаматқа қатысты екендігін білдіреді. Баршамызға белгілі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өңірде қоғамдық медиация институтын дамытуда өз қарымды үлесі бар.
2018 жылғы ІІІ тоқсанда облыс көлемінде медиация институтын дамытуға бағытталған түрлі санаттағы 19 шара ұйымдастырылды.
Оның ішінде көлемді ретінде 5 тамыз - «Медиация күні» қарсаңында өткізілген кешенді шараларды атап өтуге болады (облыс бойынша 14 шара, 500 адам қамтылды). 12 қыркүйекте Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапғанада «Медиация – рухани қатынастар құру алаңы» атты қоғамдық медиаторларға арналған республикалық семинар-тренинг өткізілді.
Әлбетте мұның бәрі медиация институтын өңірде дамытуға елеулі әсер ететіні анық.
Жолдауда көтерілген әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі – ол медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру. Емханаларды қағазбастылықтан арылту, оның ішінде денсаулық паспорттары, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейту және өзге де тақырып аясындағы тапсырмалар барша халықтың көңілінен шықты.
Халықтың өмір сүру сапасы мен салауатты өмір салтын ұстануы ұлт саулығының, адами капиталдың артуы Елбасы саясатында анық көрінеді.
Бүгінгі күні республика бойынша балалардың балабақшамен 95 пайызы қамтылғанына тоқталды. Ал, біздің облыста балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылған. Бұл мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жеке балабақшалар санының артуы арқылы жүзеге асырылуда. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заң әзірленіп, қолданысқа енгізіледі. Жоғары білім алу сапасы мен осы саладағы бәскелестіктің деңгейін арттыру тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ.
Жыл басында облыс басшылығы тарапынан Ресей Федерациясының федералдық бюджеті есебінен Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің К. Тимирязов атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясына бакалавр бағдарламасымен 8 талапкерді және магистратура бағдарламасы бойынша 20 талапкерді жаңадан оқуға қабылдау жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сонымен бірге, жыл сайын облыс әкімінің грантымен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 100-ге жуық дарынды ауыл балаларын аймаққа қажетті мамандықтар бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына жіберілуде. Бұл жоба білім саласын дамытып, дарынды жастарға қолдау көрсетудің өңірлік деңгейдегі серпінді көрінісі .
Отырыс барысында Этномәдени бірлестік өкілдері, ҒСТ өкілдері, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ҚХА кафедрасының оқытушылары, «Жаңғыру жолы» ЖҚ мүшелері ойларын ортаға салып, саяси сахнадағы батыл қадамға қатысты ойларымен бөлісті.