ҚЫТАЙДА 25 МЫҢ АДАМ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Қытайда билік өкілдері Тибет автономды ауданы мен Сычуань провинциясынан 24,5 мыңнан астам адамды эвакуациялады. Ірі лай көшкіні Цзиньша өзенін бөгеп, салдарынан су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды РИА Новости сілтеме жасаған http://alashainasy.kz/

Ғасыр соңына қарай Қытайдың солтүстігінде халық жаппай қырылуы мүмкін
Жұма күні кешке зардап шеккен аудандар мен Сычуань провинциясындағы қауіп төніп тұрған аудандардан 11 мыңнан астам адам эвакуацияланды, ал Тибет автономды ауданында – 13,6 мың адам.

Лай көшкіні бейсенбі күні Янцзы өзенінің жоғарғы жағынан басталып, Тибет пен Сычуань шекарасында Цзиньша өзенінің арнасын бөгеп тастады, көпірлер мен зауыттардың қирауы салдарынан кей елді мекендерге апаратын жолдар жабылып қалған. Сонымен бірге бөгет көлі де жабылып, салдарынан су деңгейі көтерілді. Билік өкілдері тапсырма бергендей, су деңгейі туралы мәлімет әр он минут сайын хабарланып отыр.

Су деңгейінің көтерілуі салдарынан зардап шеккен аудандарда біршама үй мен ғимарат қирады.

Құтқарушылар зардап шеккен аудан тұрғындары мен эвакуацияланған халыққа қажетті заттарды, ас-су мен дәрі-дәрмекті уақытылы жеткізіп жатыр.


 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қазан 2018 г. 722 0