« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Славяне» қоғамдық- мәдени орталығы» Қоғамдық бірлестігі мүшелерінің "Споем вместе" атты шығармашылық ұйымының әнші - музыканттарымен халықаралық кездесуі ұйымдастырылды. Қонақтар Достық үйнің жұмысымен және мұражайымен танысты.
«Споём вместе» ансамблі – орыс әндері мәдениетіне қызығушылық танытатын Женевадан шыққан әншілер мен музыканттардың ансамблі. Ансамбль 2008 жылы Женевада ақ мигранттардың ұрпағы Пьер Роснянскиймен құрылған.
«Споём вместе» женевалық ансамблі европалық әндеріне ғажайып ұқсас дәстүрлі орыс әндерін орындайды. Ансамбль құрамында швейцарлармен қатар француздар, итальяндықтар және орыс отандастары да бар.
2010 жылдан бері ансамбльді басқаратын Елизавета Голованова да ақ мигранттардың ұрпағы, аккордеонист білімі бар, Париждегі Александр Невский соборының шіркеу хорында және халық ансамбльдерінде ән салған.
Ансамбль репертуарында орыс, удмурд, башқұрт, украин швейцар, француз тілдеріндегі халық және авторлық әндер дәстүрлі әрі танымал .
2011 жылдан бастап ансамбль Ресей сахнасына шығып Удмурт Республикасының халық әртісі, әнші және қоғамдық-мәдени қайраткері Надежда Уткинамен бірлесіп жұмыс жасап келеді.
Н.Уткинамен бірге «Споём вместе» ансамблі 2011 және 2012 жылы- «ПарИжевск», 2013 жылы -«Ура, Урал!»» және 2015 жылы- «Чайковский forever» халықаралық фестивальдеріне қатысқан .
2015 жылы «Иж-Женева»Халықаралық проект шеңберінде Ресейдің Урал аймағындағы орыс музыканттарына швейцариялық және француздық ұжымдардың, жергілікті хорларды ішінара біріктіре отырып, "Русские вечера вокруг Лемана" фестивалі құрылды.
2015 жылдан бастап «Споем вместе» ансамблі және Надежда Уткина «Сабантуй в Женеве» атты татар-башқұрт мерекесін өткізуге белсені қатысты.
Ресей, БҰҰ және Швейцария арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және Ресей халықтары мәдениетінің сақталуы мен шет елдерде дамуына қосқан үлесі үшін 2018 жылы Надежда Уткина және Елизавета Голованова БҰҰ бөлімшесіндегі Ресейдің Тұрақты Өкілдігінің және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдардың Құрмет грамоталарымен марапатталған.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |