Қызылорда облысы Сырдария ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, ішкі істер органдарында 40 жылғы жуық қызмет еткен милиция полковнигі Қаржаубай Жәртеновтің құрметіне көше атауы берілді. Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде көшенің ресми түрде ашылу салтанаты өтіп, шараға Ішкі істер бөлімінің басшылығы, аудан әкімдігі және ішкі істер оргардары ардагерлері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қыркүйек 2017 г.
617
0
Жергілікті полиция қызметкерлері Өсербаев көшесінің бойында орналасқан жалға берілетін пәтерлерді тексеріп, рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижесінде жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін 37 құқық бұзушыға әкімшілік шара көрілсе, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 29 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес тыныштықты бұзғаны үшін 12 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сай ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 14 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қыркүйек 2017 г.
624
0
11-16 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында «Ақ бидай» республикалық VI ауыл спорт ойындары өтті. Төрт жылда бір рет өтетін кешенді додаға 14 облыстан келген мың жарымнан астам спортшы спорттың 14 түрінен бақ сынасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қыркүйек 2017 г.
561
0
Елімізде азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%-ға төмендегені байқалады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қыркүйек 2017 г.
573
0
Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Дэниэл Джейкобс GGG-дің Сауль Альвареспен тең түсуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қыркүйек 2017 г.
540
0
«Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасы Қызылорда облысы көлемінде қарқынды жүзеге асырылуда.Бүгінгі күні, жалпы тәртіпте сотқа жолданған 328 қылмыстық істің 247-і жоба аясында жолданып, үлес салмағы 75,3%-ды құраған.Жоба аясында жолданған 247 қылмыстық істің 70-і хаттамалық, 152-і жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру, 25-і процестік келісім нысанында аяқталған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қыркүйек 2017 г.
550
0
Алматыда ІІ Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды фильмдер кинофестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қыркүйек 2017 г.
747
0
Оқырманды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтың бірі – Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапхана жанынан ашылған Дыбыс жазу студиясынан шыққан «Жаңадан жаңғырған әдебиет» атты кітаптардың тұсаукесері өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қыркүйек 2017 г.
492
0
2017 жылғы 15-ші қырқүйек күні ҚР ІІМ ТЖК "ӨОАЖҚЖ" ММ-нің қызметкерлеріне "Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстық психо-неврологиялық орталығының мамандары: психолог Советқызы Қарлығаш пен дәрігер Баекеева Ләйлә Жұмаханқызы, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психолог-маманы Исамбекова Ақмарал Мұхитқызы, Облыстық наркологиялық орталығының психологі Күрпейісова Эльвира шақырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қыркүйек 2017 г.
869
0
16 қыркүйекте 2017 жылы 02 сағат 55 минутта ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшілік диспетчерлік бөлімінің кезекшісіне Қызылорда облысы ТЖД кезекшісінен «Сыр ана» монументі маңында Сырдария өзеніндегі көпірдің үстінен, он екі метр биіктіктен белгісіз ер азамат суға секіріп кеткені жөнінде хабарлама түсті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қыркүйек 2017 г.
967
0