« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
11-16 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында «Ақ бидай» республикалық VI ауыл спорт ойындары өтті. Төрт жылда бір рет өтетін кешенді додаға 14 облыстан келген мың жарымнан астам спортшы спорттың 14 түрінен бақ сынасты.
Айтулы жарыста 174 ұпаймен Қызылорда облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.
Қазақ күресінен өткен жарыста қызылордалық спортшылардың мерейі үстем болып, жалпы командалықта есепте 1-орынға орынға ие болды.
Атап айтсақ, жекелей сында Бекжан Төлепов (55 келі), Ғалымжан Абдрахманов (74 келі), Жайдар Есен (82 келі), Бақдәулет Төлегенов (90 келі), Нұрым Сәлімгереевтер (100 келі) күміс, Ерлан Жақсыбеков (66 келі), Мақсат Исағабылов (+100 келі) және Марат Баймахановтар (АВС) қола жүлделерді еншіледі.
Тоғызқұмалақтан облыс құрама командасы 20 ұпаймен жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды. Жекелей сында Бексұлтан Бостандықов пен Хәкімжан Елеусінов күміс, Үміт Сақташова қола жүлделерді иеленді.
Президенттік көпсайыстан Марғұлан Алмағанбетов 1-орынды жеңіп алса, Рашида Сарбасова 3-орынды алды. Команданың 4-орынды иеленуіне Арайлым Русланова, Гүлайым Нұрмаханова, Салтанат Баянбаева, Анар Ибраимова, Ғаламат Әуесбай, Батыржан Қайруллаев, Еркін Әбжәмиев, Жасұлан Сарбасов сынды спортшылар өз үлестерін қосты.
Ал гір спортынан +95 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жандаулет Өндрей қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Қызылорда облысының командасы 2013 жылы 14 облыстың арасында 7-орынды иеленген болатын.
Ауыл спортын дамыту мақсатында, бүгінгі таңда 7 ауданда жалпы дене дайындығы бойынша 7 спорт клубтарында 5 мыңға жуық жасөспірім спорттың 14 түрімен шұғылданады.
Сондай-ақ, ауыл спортын дамыту, жас жеткіншектерді спортқа тарту бағытында 7 ауданның елді мекендерінде спорт мектептердің филиалдары жұмыс жасауда.
2009 жылдан бері ауылдық жерлерде дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында «Қайнар» спорт клубы» қоғамдық бірлестігі құрылып, өз жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда осы қоғамдық бірлестік негізінде 138 елді мекенде 282 нұсқаушы ауыл спортының дамуына атсалысып келеді. Бұл игілікті іс Елбасының 2020 жылға дейін бұқаралық спортты 30 пайызға арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған нақты қадам.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |