Заңсыз жалға берілетін 110 пәтер анықталды

 Жергілікті полиция қызметкерлері Өсербаев көшесінің бойында орналасқан жалға берілетін пәтерлерді тексеріп, рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижесінде жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін 37 құқық бұзушыға әкімшілік шара көрілсе, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 29 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес тыныштықты бұзғаны үшін 12 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сай ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 14 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар аталған аумақта тұрғын үй қызметінің өкілдерімен бірлескен түрде тексеру жұмыстары жүргізіліп, 110 пәтер заңсыз берілетіндігі анықталып, олар бойынша Қызылорда қалалық кірістер басқармасына ұсыныстар жолданды. 

Қазіргі таңда күндізгі уақытта Өсербаев көшесінде учаскелік полиция инспекторларынан бөлек 1 экипаж  қосымша бөлініп,  күшейтілген жүйеде қызмет атқаруда.

Айта кетерлік жайт, қыркүйек айының 04-07 аралығында Жергілікті полиция қызметі, Көші-қон полиция бөлімі, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен аталған аумақта қысқа мерзімді жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, 24 әкімшілік құқық бұзушылық, шетел азаматтарын  тіркеу заңдылығының  бұзудың 6 дерегі анықталды.


Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қыркүйек 2017 г. 620 0