"Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері " тақырыбында семинар өтті

2017 жылғы 15-ші қырқүйек күні ҚР ІІМ ТЖК "ӨОАЖҚЖ" ММ-нің қызметкерлеріне "Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстық психо-неврологиялық орталығының мамандары: психолог Советқызы Қарлығаш пен дәрігер Баекеева Ләйлә Жұмаханқызы, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психолог-маманы Исамбекова Ақмарал Мұхитқызы, Облыстық наркологиялық орталығының психологі Күрпейісова Эльвира шақырылды.
Семинардың алғашқы бастамасын медицина-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы-психолог Бегманова Жанар қатысушыларға өз-өзін өлтірудің сипаты, әлем статистика бойынша олардың санын атап, слайд арқылы суицидтің түрлері мен себеп-салдары, суицидке бейім адамдарға көмек беру жайында жіктеп түсініктеме берді.
Шақырылған мамандар қызметкерлерге "өз-өзіне қол салу және оның алдын-алу жолдары" тақырыбында кең мағлұмат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Суицид туралы жан-жақты түрлері мен оған шалдыққан адамдарға немесе осыған бейім жандарға алғашқы көмегі мен әдістері түсіндірді. Сонымен қатар, тақырып бойынша видиороликтер көрсетіліп, жаднамалар таратылды. Облыстық психо-неврологиялық орталығының психологі Советқызы Қарлығаш күйзеліске байланысты құтқарушыларға тренинг өткізді.
Мамандар қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріп отырды.
Семинарды қортындылай келе, жасақ құтқарушылары қатысушылар мен қонақтарға және ұйымдастырып отырған іс шараға ризашылығын білдірді.

ҚР ІІМ ТЖК "ӨОАЖҚЖ" ММ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қыркүйек 2017 г. 864 0