Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойына байланысты бірқатар шаралар қолға алынған. Жуырда К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Кемел жігіт көш бастар» тақырыбында аудандық байқау өткізілді. Салт-дәстүрімізді дәріптеуді мақсат еткен сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жігіттер қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 ақпан 2018 г.
599
0
Күмбірлеген күй кез келген жанды елең еткізбей қоймайды. Сондайда қазақтың үніне айналған аспапты тек мерекелік кештер мен жиындарда ғана қолға алатынымыз еске түседі. Осы олқылықтың орнын толтыруды көздеген облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Домбыра Fest» домбырашылардың шеберлік сағаты өткізіліп, оған Қорқыт ата атындағы ҚМУ өнерпаздары мен Қазанғап атындағы музыкалық колледждің күйші студенттері атсалысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 ақпан 2018 г.
549
0
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен арнайы мониторингтік топ өкілдерінен құралған жұмыс тобы облыстық білім басқармасына қарасты кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының қызметіне сыртқы талдау жасаған болатын. Жуырда талдау нәтижесі бойынша арнайы отырыс өткізіліп, бірқатар мәселелер талқыланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 ақпан 2018 г.
515
0
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізіп тұрады. Биыл конкурс Алматы қаласында 13-16 ақпан күндері оқушылар сарайында ұйымдастырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 ақпан 2018 г.
534
0
Партияның орталық аппаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Білім» бағыты бойыншапартиялық тәлімгер Әбдіманап Бектұрғановтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша комиссия отырысы өткенболатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 ақпан 2018 г.
516
0
23 ақпан күні облысқа жұмыс-сапарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Ораз қажы келді. Сапар барысында С.Ораз облыс әкімінің қабылдауында болып, аймақтың діни ахуалы туралы пікір алмасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 ақпан 2018 г.
590
0
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 26-28 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 26 ақпан күндіз, 27-28 ақпанда кей жерлерде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысуымен 15-20 м/с жел күтіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 ақпан 2018 г.
436
0
Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Жоғары Соты төрағасының кеңесшісі С.Сүлейменнің қатысуымен «Сотсыз татуласу орталығын» құрудың тиімділігін түсіндіру мақсатында жиын өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 ақпан 2018 г.
711
0
Қаламыздағы Саяхат мөлтек ауданында орналасқан “Сыр бөбегі” балабақшасы “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында отбасына оң көзқарасты қалыптастыру, ата-аналар жауапкершілігін арттыру және оларға қолдау көрсету мақсатында “Ұлттық жаңғыру – ұлттық сананың кемелденуі” тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 ақпан 2018 г.
626
0
Қалаға қарасты Ақсуат, Айдарлы, Бесарық елді мекендерінде қазақтың әншілік өнерінің аманатын арқалап жүрген дәстүрлі орындаушы, облыстық филармонияның әртісі Бақдәулет Қарғабаевтың «Ән-Аманат» атты концерті өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 ақпан 2018 г.
590
0