| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойына байланысты бірқатар шаралар қолға алынған. Жуырда К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Кемел жігіт көш бастар» тақ ырыбында аудандық байқау өткізілді. Салт-дәстүрімізді дәріптеуді мақсат еткен сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жігіттер қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар кешегі сал серілердің ізін жалғап, олардың бүгінгі бет-бейнесін қалыптастыруда алдына жан салмайтынын көрсетті. Аудандық мәслихат депутаты Күлжауһар Раева, ақын Дастан Нәзікбаевтан құралған қазылар алқасының мүшелері жүзден жүйрік шыққандарды іріктеді. Нәтижесінде жүлделі І орынды Сәкен Сабырбек еншіледі. Ал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Жас Отан» ЖҚ тағайындаған «Көрермен көзайымы» номинациясымен №121 орта мектептің жас маманы Нұрсұлтан Қалиев марапатталды.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |