« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қалаға қарасты Ақсуат, Айдарлы, Бесарық елді мекендерінде қазақтың әншілік өнерінің аманатын арқалап жүрген дәстүрлі орындаушы, облыстық филармонияның әртісі Бақдәулет Қарғабаевтың «Ән-Аманат» атты концерті өткізілді.
Өзінің қоңыр үнімен тыңдарманның жүрегінен жол тапқан өнерпаздың концертінде «Жайма қоңыр», «Ағайша», «Дүние-ай» сияқты халық әндері және «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі қазақ және өзге ұлт композиторларының шығармаларын да орындады. Сахна шымылдығы «Ел айырылған» халық күйімен түрілді. Мұнан кейін Нұрғиса Нұрбайдың жетекшілік етуімен «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің «Гүл-гүл жайна», «Тау ішінде», «Балымша», «Самалтау», «Гүлдариға», «Өсиет», «Сәулем-ай» сынды шығармалармен жалғасын тапты.
Ән кеші Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және 2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.
Жансая ҚЫДЫРБАЙ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |