Талдау қорытындысы белгілі болды

 ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен арнайы мониторингтік топ өкілдерінен құралған жұмыс тобы облыстық білім басқармасына қарасты кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының қызметіне сыртқы талдау жасаған болатын. Жуырда талдау нәтижесі бойынша арнайы отырыс өткізіліп, бірқатар мәселелер талқыланды.

Талдау барысында 4 нормативтік-құқықтық актілерде қарама қайшылықтар, 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғатын нормалар анықталған. Қарама қайшылық көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттары арасында орын алыпты. Мамандар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді саралау барысында колледждермен артық құжаттарды сұрату фактілері орын алғандығын да растап отыр. Бұдан бөлек, кадр және кадр алмасушылық мәселелерін талдау кезінде кей колледждердің оқытушылар құрамы жиі ауысатыны байқалған. Колледждердің жұмыспен қамту орталықтарына жіберген жолдамаларына сәйкес, заңмен талап етілмейтін немесе талап етілген жағдайда өз бетінше еңбек өтілі мен бітірген оқу орны көрсетілген сұраныс жолдайтындығы, яғни жіберілетін сұраныстың белгілі бір азаматқа байланысты жасалатыны белгілі болды.

Аталған мәселелер ескерусіз қалмайды. Отырыс қорытындысында облыстық білім басқармасына жоғарыда көрсетілген деректер бойынша бірқатар ұсынымдар берілді. Тиісті жұмыстар жалғасын табатын болады.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 ақпан 2018 г. 514 0