Есім – біздің азан шақырып қойған атымыз. Біз өмірге келгенде кім деп аталсақ, бүкіл өмір бойы сол есіммен өзгенің жадында сақталамыз. Адам ғұмырында оның есімінің маңызы ерекше. Аты- жөні қызық әлемде талай адам өмір сүріп жатыр. Американдық зерттеушілердің айтуынша, адамның есімі, әрі ерекше, әрі әдемі болған сайын оның өмірде жолы бола түседі. Есімге байланысты дүниенің түкпір-түкпіріндегі мынадай қызықтар барын білесіз бе?
ЖАРНАМА
13 тамыз 2019 г.
2 382
0
Көп адамдар банкоматта картасын ұмытып кетіп жатады. Ал ақшасын шығарып тұрып, оны қалдырып кеткен адамды көрдіңіз бе?Жуырда қаламызда осындай қызық жағдай орын алды. Таңертең балабақшаға кішкентайын апаруға шыққан Қарлығаш Маханова жолай банкоматқа соғады. «Қызылорда» супер-маркетінінің ішінде орналасқан банкоматқа келгенде дәл мынадай болып (суретте) алдында ақша жатыр. Асығыста біреудің ұмытып кеткені анық. Ақшаны егесіне қалайда қайтару керек. Сол кезде интсаграм желісінде оқырманы көп «komu_chto_kyzylorda» (газет емес) парақшасы есіне түседі.
ЖАРНАМА
09 тамыз 2019 г.
2 554
0
Жаз – балалардың алаңсыз асыр салып ойнайтын, демалатын мезгілі. Жазды жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, сірә?! Мәдени демалыс орындарының сәні кіретін кез де осы шақ. Күн ұясына батар тұста аттракциондар іске қосылып, айнала балалардың шат күлкісімен көмкеріліп жатады.
ЖАРНАМА
08 тамыз 2019 г.
1 426
0
Осыдан біраз жыл бұрын отандық телеарналардан «Байлар да жылайды» аталатын мексикалық телехикая көргенбіз. Сол кезде «байлар да жылай ма екен?» деп күлгеніміз рас. Алайда, кейбір деректер ортақол тұрмыстағы адамдардың шіріген байлардан әлдеқайда бақытты екенін байқатады. Сол байлардың басындағы тағдырға қарап отырсақ, ажалдың қорқынышынан ақшаның қорқынышы басым екен ғой деген ойға амалсыз тірелесің. Ал, біз білген деректер не дейді?
ЖАРНАМА
06 тамыз 2019 г.
1 061
0
Жақында «Инстаграм» желісінде ой саларлық оқиға болды. Ұлттық ұлан қызметкері Нұрсұлтан Әміров әп-сәтте баспанаға қол жеткізді. Былай қарасаңыз, таңғаларлық дүние емес. Еңбектеніп, тапқанын пайдаға жаратып, үйлі-жайлы болғандар қаншама?! Алайда, түлкібастық Нұрсұлтанның жайы бөлек. Оған сәттілік серік болды.
ЖАРНАМА
27 шілде 2019 г.
1 134
0
Шахмат ойынын білмейтін адам аз. Өзім де бір кісідей білемін, мұным артық шығар, бұл ойыннан қаражаяу емеспін дегенім дұрыстау болар. Ойнаған сайын ойнағың келеді, қызық ойын.Ал, осы ойынның шығуы туралы аңыздар тіпті қызық.
ЖАРНАМА
27 шілде 2019 г.
1 223
0
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисінде: «Сауаптың ең күштісі шөлдеп келген кісіге сұраса су берген, мұқтаж болып сұраса қарыз берген және екі жалғыз бастыны қосқан» дейді. Әңгіме соңғы сауап туралы болмақ. Екі рет екі жастың қосылып, отбасын құруына себеп болдым. Соның бірін әңгіме еткелі отырмын.
ЖАРНАМА
26 шілде 2019 г.
978
0
XXI ғасыр – арпалыс ғасыры. Күніне жүз жаңалық, мың қылық көретін болдық. Әлем қызыққа толы. Дүниенің мына шетінен ана шетіне қалай барамын деп ойланбасаңыз болады. Бар ғаламды ғаламтор арқылы кезесіз, көресіз естисіз, білесіз. Бірақ виртуалды түрде. Бұл жақсы ма, жаман ба? Кім білсін?
ЖАРНАМА
23 шілде 2019 г.
2 667
0
– Ура-а, бүгін салқын болады!– Қойыш-ей...– Жаңа ауа райынан айтты, Қызылорда 38 градус деп.
ЖАРНАМА
23 шілде 2019 г.
862
0
Күнделікті әдетіммен жұмыстан қайтарда автобусқа отырдым. Кіп-кішкентай кассир бала мініп-түскен адамның жолақысын алып, қолындағы тиындарын санап қояды. Үлкен кісілердің сөмкесін көтеріп, олардың көліктен түсуіне көмектесіп те үлгерді. Елпең қағып, жүргіншілердің қай аялдамадан түсетінін сұрап қоюды да ұмытпады. Жасы 9-10 шамасындағы балаға ұқсайды. Жазғы демалыста әкесіне қолқабыс еткісі келген болуы керек. Кішкентай кассирдің қызметіне сүйсінгендер «Бақытты бол!», «Үлкен азамат бол!» деп батасын беріп жатты.
ЖАРНАМА
23 шілде 2019 г.
880
0