Жеті атаны, жеті қазынаны, жеті санын кие тұтқан қазақ елінде жеті шелпек ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-баба аруағын сыйлаудан шыққан ұлттық дәстүрдің бірі. Бұл дәстүр қай заманда, қай уақытта шыққаны жайлы нақты дерек жоқ.
ЖАРНАМА
14 тамыз 2018 г.
1 600
0
Мал шаруашылығы – агросектордың маңызды бір саласы. Біздің облыста бұл сала жақсы дамып келеді. Мал басын көбейтемін деген шаруа қожалықтарына, фермерлерге мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілуде. Тек еңбек ете білу керек. Алайда, мал өсіру оңай емес, таңертең өргізіп, кешке иіріп, қораға айдап келе салатын жұмыспен шектелмейді. Қиындықтары жетерлік. Сол көп қиындықтардың бірі –мал азығын дайындау, қысқы жем-шөп қорын мезгілінде қамтамасыз ету. Бұл тақырыпқа қозғау болған жайт, ол биылғы бірқатар өңірдегі қуаңшылықтың салдары еді. Жайылымның жұтаңдығы, шабындықтың нашарлығы шаруаға үлкен мәселе тудыруы ықтимал. Бұған мамандар не дейді?
ЖАРНАМА
07 тамыз 2018 г.
1 689
0
Аялдама. Кезекті қоғамдық көлікті күтіп тұрғанбыз. Орта жастағы келіншектің қасында үш баласы ойнап жүрген. Үлкені мектеп жасына жетіп қалған, екеуі 3-4 жас шамасында. Әлгі келіншек қолына телефонын алып, орындыққа отыра кетті.
ЖАРНАМА
06 тамыз 2018 г.
755
0
Тақырыпқа арқау болған осы бір әнді көбіміз жақсы білеміз. Бірақ, бұл ән қалай шықты? Оның авторы кім? Осы сауалдарға келгенде тосылып жататынымыз тағы бар.
ЖАРНАМА
24 шілде 2018 г.
1 536
0
Жақында үш баласы бар таныс апаймен дәстүрлеріміз туралы әңгімелесіп қалдық. Отанасы «Айталық, шолпыны қыздар тек әдемі болу үшін таққан. Қазір мұның маңызы жоқ» деп бейғам отыр. «Неге? Шолпының атқаратын үш маңызды міндеті бар. Біріншіден, күмістен, ауыр металдан жасалған шолпы қыздың бұрымын тартып, тік жүруге үйретеді. Қазір ғой, бүкірейген қыздардың «осанканы түзеймін» деп шапқылап, дәрігер жағалап жүргені. Екіншіден, қыздар асығыс, арбаңдап жүрсе шолпының даусы да тым қатты естілетін болған. Демек, шолпы қыздың мәдениеті мен сыпайылығынан хабар берген. Үшіншіден, үйге бөгде ер адам, қонақ келгенде сырттан естілген шолпының сыңғырынан бұл үйде бойжеткен қыз барын біліп, ол үйге кіргенде көзін төмен салған», − деп едім, бір шолпының өзі ұлттық тәрбиемізде қаншалықты маңызды екенін аңғарғандай таңырқап қалды. Мен де мұны жақында ғана білдім. Ойланып көріңізші, қазақ қыздары жаппай шолпы тағып жүрсе, қалай болар еді?
ЖАРНАМА
19 шілде 2018 г.
1 402
0
«Бала тілі – бал» деп бекер айтылмаған. Кішкентай баланың тілі енді шығып, былдырағанда қызық көріп сөйлететініміз бар. Алайда соңғы кездері баланың тілі кеш шығуы жиілеп барады. Бұған денсаулық сақтау саласының мамандары да алаңдаушылық білдіріп отыр. Әлбетте, баланың сөйлеу қабілетіне кері әсер етіп, оны бұзатын себептер көп. Бала құрсақта жатқанда анасының жиі ауруы, ұзақ уақыт емізік емген бала таңдайының дұрыс қалыптаспауы, қорқып секем алудан тұтығу пайда болуы секілді себептер тізіледі.
ЖАРНАМА
17 шілде 2018 г.
3 469
0
Кітап - ақылына ақы сұрамайтын рухани мұра. Қазіргі кезде заманның жаңа өң алуына байланысты түрлі форматтағы жинақтар жиі басылып шығарылуда. Ғылым мен білім, адам өмірінен ойып тұрып орын алған барлық ілімдер кітаптан табылады. Жоқ іздегендер, ғылым қуғандар, өнер жолындағылар асыл мұраны жандарына серік етіп, қасиет тұтқан. Тіпті дін өкілдерінің өз киелі кітаптары, жақұт жинақтары бар. Құдайдан келген құдірет деп бағамдайтын олар, өз дінінің басты кітаптарына салғырт қарамайды. Оны өз басынан биік ұстап, қастерлеп қарайды. Дегенмен де, бүгінгі қоғамның басты дерті кітап оқымау емес, кітапқа құрметпен қарамау болып отыр. Шынында мағлұматы мол ақпарат алу қазіргі қоғамға қиын емес. Ал, білім дейтін алтын қазынаны осы күнге дейін тоздырмай сақтап келген кітаптардың қадірсізденуіне кімді кінәлау керек екенін де білмейміз.
ЖАРНАМА
12 шілде 2018 г.
1 647
0
Қазақтың тіл білімін, төл жазуын қалыптастырған ғалым Ахмет Байтұрсынов өте күрделі де тағылымды тағдыр иесі. Әкесі Байтұрсын ояз бастығы, полковник Яковлевтің елге салған ылаңына шыдамай басын жарғаны үшін екі інісімен бірге 1885-жылы жиырма бес жылға Сібірге айдалады. Сотта тіл білмегендіктерінен қорғана алмайды. Кетіп бара жатып баласы Ахметке: «Балам, аш болсаң да, жалаңаш қалсаң да, оқы» деп әрі өкінішін, әрі өсиетін айтады.
ЖАРНАМА
12 шілде 2018 г.
934
0
6 шілде – астаналықтар үшін ғана емес, бүкіл қазақ жұрты үшін айтулы күн. 1997 жылы 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы ел астанасының Ақмолаға ауысқанын ресми түрде жариялады. Ал бас қаланы көшіру идеясы 1994 жылдың дәл осы күні көтерілген еді.
ЖАРНАМА
10 шілде 2018 г.
1 158
0
Елбасы Н.Назарбаевтың шілденің алғашқы жексенбісін Ұлттық домбыра күні мерекесі деп белгілеу туралы Жарлыққа қол қоюы барша қазақтың рухын тағы бір биікке көтерді. Жаңа, жарқын мерекеміздің тойы биыл 1-шілдеге сәйкес келіп отыр.
ЖАРНАМА
02 шілде 2018 г.
1 816
0