« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
6 шілде – астаналықтар үшін ғана емес, бүкіл қазақ жұрты үшін айтулы күн. 1997 жылы 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы ел астанасының Ақмолаға ауысқанын ресми түрде жариялады. Ал бас қаланы көшіру идеясы 1994 жылдың дәл осы күні көтерілген еді.
Дегенмен, 90-жылдардың басында елорданы тұрғызу қиял секілді көрінгені рас. Жаңа астананы салу үшін қыруар қаржы, мол инвестиция қажет-ті. Астананы әлемдегі әсем шаһарлардың біріне айналдыру жоспары алғашқы сәттен бастап жүзеге асырыла бастады. Бас қаланы салуға отандық және әлемдік сәулетшілер бірдей тартылды. Уақыт өте келе қиялдағы дүние шындыққа айналып, ерке Есілдің бойында ертегідегідей қала пайда болды. Бүгінде ол адам танымастай өзгерді. Жастарды болашаққа бастайтын бас қала өнер, білім-ғылым мен мәдениеттің ордасына айналып үлгерді.
Қысқа мерзім ішінде сән-салтанаты келіскен сәулетті шаһар тұрғызу, Астананы абаттандырып, ажарын айшықтау – Елбасының ерен еңбегінің жемісі деп бағалауға болады. Бұл туралы Президент: «Астана – бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегінде өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз. Өйткені, біз оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы әрбір жаңа мүйіс, әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан. Себебі олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда», – дейді бір естелігінде. Ел ордасы әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеу жолында өз мақсат-мүддесін орындады. Қазіргі таңда Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады. Тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. Көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттары көз тартады.
Астана күні – тәуелсіз ел тарихындағы айрықша мейрам. Өйткені бұл қала – тәуелсіздігіміздің символы, ел дамуының локомотиві және барша қазақстандықтың ортақ мақтанышы. Жиырма жылдың ішінде еңсесін тіктеп, әлемнің алып шаһарларымен иық теңестірген ел ордасының атауы парсы тілінде «киелі орын», «босаға» деген мағынаны білдіреді екен.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |