Ұлы жолдан қиыстау құм құшағында жатқан туған жер – Қармақшы ауданындағы Қуаңдария ауылы әр Наурыз мерекесі жақындағанда ерекше серпіліп қалады. Бұл Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы әдеттегі қарбаласқа қарағанда басқаша. Туған жер перзенттеріне құшақ ашқан мейірімді ананың келбетіне еніп, жан-жақтан ағылған түлектерін бауырына тартатын сәт осы. Соңғы он жылдан бері Қуаңдариядан түлеп ұшқан, еліміздің әр түкпірінде тұратын азаматтар Наурызды туған ауылда атап өтуді әдетке айналдырды.
ТАҒЫЛЫМ
29 наурыз 2018 г.
1 798
0
Елбасы биылғы Жолдауының 7-басымдығында білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейтіп, жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңыздылығын атап өтті.
ТАҒЫЛЫМ
27 наурыз 2018 г.
810
0
1956 жылдардан Тереңөзек ауданын басқарған бірінші хатшы туралы қариялардың жадында осы күнге дейін сақталып келе жатқан басшылардың бірі – Жолдас Бердіқұлов. Халықта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демей ме! Ол кісі өз қызметін халыққа етен арнаған, мұң-мұқтажына көп көңіл бөлген кісі. Оның бір айғағы, сол жылдары Қызылорда облысын Шымкент, Жамбыл облыстарын қосып Оңтүстік край құрмақшы болып, әр облыста комиссиялар жұмыс істей бастады.
ТАҒЫЛЫМ
19 наурыз 2018 г.
641
0
Міне, ұлыс мереке – әз Наурыз есік қағып тұр. Бұл көже ішіп, аяқ босатар жәй мереке емес, алдағы күнге үміт артар, әрекет арқылы берекет іздер еңбек мерекесі, бақытты өмірге қадам жасар батылдық мерекесі! Бұл ынтымақ пен туыстық, болашаққа батыл қадам жасар бастау мерекесі!
ТАҒЫЛЫМ
19 наурыз 2018 г.
1 699
0
Биылғы қыс ұзақ та қытымыр болғаны әмбеге аян. Наурыз айы орталанса да салқын ызғардың әлі де пәті қайта қойған жоқ. Десе де «таң атпаймын дегенмен, күн қоймайды» деген бар. Күн райы сәл жылт етсе маңайдан көктем лебі байқалады. Бұл - тіршілік заңы. Ұлыстың ұлы күні жақындаған сайын ел арасында мерекеге дайындық қызу жүргізілуде. Үлкен де кіші де көтеріңкі көңіл – күй жетегінде атаулы күнді ақ тілегімен қарсы алуға қарбаласып жүр. «Қарттың батасы қабыл» деген оймен Аралқұм елді мекеніне хабарласты. Неге деймісіз?. Осынау тіршілігі отыны мол жағылған қазандай қайнаған, берекелі де құтты қоныста Тәжігүл Еңсепова (құжат бойынша Ензепова) есімді абыз әже тұрады. Бір әулеттің ғана емес, тұтас ауылдың анасы атанған, бүгінгі таңда 102 жастағы Тәжігүл әже теңіз төскейіндегі ең жасы үлкен адамның бірі саналады. Өзінің осынау ғибратқа толы ғұмырының жүз екінші көктемін қарсы алып отырған әжеміз әлі тың. Аллаға шүкір, әлі күнге құлағы айтқан сөзді қалт жібермей есітіп, жанары жарық ғаламды көріп, пікірін нық түйіндеп жеткізіп, далаға өзі кіріп – шығады. Мұны білгенде кеудемді «Шегені дәл осындай рухы мықты жандардан жасаса, ешқашын майыспас еді. Неткен, асыл сүйекті адам!» деген сүйсіну сезімі биледі.
ТАҒЫЛЫМ
19 наурыз 2018 г.
997
0
Адам баласы сияқты табиғаттың да өзіне тән ерекшелігі, өзіне тән мінезі бар. «Желтоқсанның желі, қаңтардың қаһары, ақпанның ашуы басылып, күлімдеген әз көктем де жетті-ау» деймін ішімнен. Уақытқа тоқтау болған ба? Дөңгеленіп жатқан өмір. Жыл мезгілдерінің, күн мен түннің, өлім мен өмірдің алмасып тұруы тіршіліктің заңдылығы екені баршаға аян. Десек те, кеше ғана жаныңда жүрген жақсының, еліне елеулі болған азаматтың жалған дүниеден ертерек кеткені көңілге сыймайтынын, жұп-жұмыр жүректің оны өлдіге қимайтынын қайтерсің. Адамзат бүгін адам, ертең топырақ дегенмен, табиғаттың заңдылығына бағыну бір бөлек те, өмірден кеткен жақыныңды іздеп, іштей сағыну бір бөлек.
ТАҒЫЛЫМ
18 наурыз 2018 г.
870
0
Кешегі қызыл өкіметтің қырғынында өрісін тарылтып, қонысын алдырған халқымыз тарыдай шашырап кетпеді ме? Сол алмағайып заманда ауа көшіп Ферғана жерінен пана тапқан көп қазақтың бірі Смайыл ақсақал «кеудемнен жанымды алсаң да, жүрегімнен иманымды алма» деп жайнамазын жинамаған тақуа кісі болатын. Бала-шағасы үшін туған жерінен баз кешсе де, қара басы үшін құдайсыздар қоғамына қосыла алмады. Діндарлығына қоса сауатты, араб, парсы, ортаазиялық түркі әдебиетін жақсы білген. Жібек анамыз да дәретсіз жер баспаған, бісмілләсыз сөз бастамаған жан екен.
ТАҒЫЛЫМ
18 наурыз 2018 г.
743
0
Бәрі де күтпеген жерден өрбіді. Әрбір тұрақты жұмысы бар адамның жылына бір мәрте берілетін еңбек демалысын тағатсыздана тосатыны баршаға ортақ жайт. Оны айтасыз, сол тынығу күндеріңді ұтырлы пайдалануға тырысып, алдын ала түрлі жоспар жасап қоятынымыз тағы бар. Осындай сәтті кезеңде Орал қаласына жолымыз түскен болатын. Құдамыздың жалғыз қызы тұрмысқа шығып, отбасымызбен қыз ұзату тойына барғанбыз. «Той – Алланың қазынасы, мал баланың – шашуы» деп ұғатын қазекеңнің дархан пейілі қытымыр қыстың ызғарының өзін жұмсартып жібергендей. Той өте жоғары деңгейде өтті. Асаба жігіт те ділмарлығының үстіне «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтіндей өнерлі жан екен. Әрбір тілек айтушыны мақтауын келістіре жеткізіп, сөз кезегін ұсынып жатыр. «Жақсы сөз, жарым ырыс» демекші бәрі де мәре – сәре. Кезек маған келгенде әлгіндей қошеметтен соң «Сыр өңірінен, қасиетті Қазалы жерінен арнайы келген құдамыз!» деп көпшілікке таныстырып өтті. Той иелеріне, екі жасқа ақ тілегімізді білдіріп, сыйлығымызды тапсырдық.
ТАҒЫЛЫМ
12 наурыз 2018 г.
1 106
0
Қазіргі кезде форма киген, шен таққан қыз-келіншектерді көрсек онша таңғала бермейміз. Мүмкін заман ағымы ма, әлде жүргізіліп жатырған саясаттың екпіні ме екен?! Әйтеуір, қоғамдағы полиция қызметкері мамандығы тек ер жігіттерге тән деген ұғым бүгінде мүлде өзгерген. Әрине, құқық пен қоғамдық тәртіпті мызғымай күзету ісін меңгеру – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер үшін оңай шаруа емес. Сөйте тұра, олар әйелге тән нәзіктілігі мен биязылығын жоғалтпай, ерлермен иық тірестіріп, тәуліктің қай мезгілімен де санаспай, өздерінің жоғары еңбек қабілеттерін көрсетуде.
ТАҒЫЛЫМ
07 наурыз 2018 г.
713
0
Нұрмаханова Сандуғаш Арынқызы 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Өрт сөндіру қызметіне ол 2007 жылы келді. Екі жылдан кейін және осы күнге дейін Нұрмаханова Сандуғаш Қызылорда облысы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы болып атқарады. Бұл бөлімшенің тапсырмасын бәрі біледі: құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, бақылау құжаттарын және тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауды бақылау.
ТАҒЫЛЫМ
06 наурыз 2018 г.
695
0