« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
1956 жылдардан Тереңөзек ауданын басқарған бірінші хатшы туралы қариялардың жадында осы күнге дейін сақталып келе жатқан басшылардың бірі – Жолдас Бердіқұлов. Халықта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демей ме! Ол кісі өз қызметін халыққа етен арнаған, мұң-мұқтажына көп көңіл бөлген кісі. Оның бір айғағы, сол жылдары Қызылорда облысын Шымкент, Жамбыл облыстарын қосып Оңтүстік край құрмақшы болып, әр облыста комиссиялар жұмыс істей бастады.
1984 жылдың күзге жақын кез болуы керек. Мен Әбдіреев Жолдаспен (ауылшаруашылық кәсіподақ комитетінің бастығы) іссапармен бірге Жаңақорған ауданының Келінтөбе совхозында күріш алқабын аралап келе жатқанымызда Жолдастың есіне түсіп айтқан әңгімесін естігенім бар еді. Сол комиссияны аудан өз шекараларынан күтіп алып аралатып егінді алқапты, елді мекендерді көрсетіп, аудан активтерімен сөйлестіріп, өз шешімдерін шығармақшы болады. Осылай үш ауданнан өтіп, Тереңөзек ауданы шекарасынан Жолдас Бердіқұлов бастаған басшылар күтіп алады.
Сонда комиссия басшысы сұрайды. «Міне үш ауданнан өтіп сіздерге жеттік, олар келісім беріп отыр. Сіздер қалай қарайсыздар, егер сіздер келіссеңіздер, әрі қарай бармай-ақ кері қайтамыз», дейді.
Сонда Бердіқұлов Жолдас, «мен аудан басшылары, халықпен қоса бұларыңызға келіспейміз. Себебі бұл облыс көлемінде 98% қазақтар тұрады. Қазақтың ата-бабасының тілін, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін, өнері мен өсиетін сақтап қалған осы облыс халқы. Сіздер аралап көргенде қазақтардан басқа да бірінші қазақ тілі оқулығы, қазақ театры, әншілері мен күйшілері, айтыс өнері, Сыр жазушылары мен ақындары осы ортадан шыққан. Егерде сіздер Қызылорда облысын Шымкентке қосып край құрамыз десеңіздер, онда бірінші қазақ тілінің түп тамырына балта шабасыздар. Енді ғана өркендеп келе жатқан Сыр бойындағы күріш алқабына, мал шаруашылығына кесірін тигізесіздер. Облыс көлемін бөлшектегенде не пайда табамыз. Одан да қазақ халқының қамын ойлап, өсіп өркендетудің жолын ойламаймыз ба? Осынша жерді алып жатқан жер байлығын, егін, мал шаруашылығын өркендетпейміз бе? Сөйтіп халықтың әл-ауқатын көтеріп облыс халқының гүлденуіне атсалыстырмаймыз ба», - депті.
Сөзден жеңілген комссия мүшелері сіздікі дұрыс деп, сөзге тұрып Бердіқұловты қостап, қайтқан екен. Осындай батыл сөзді айтып комиссия мүшелерін тоқтатып кері қайтарған марқұм Бердіқұловтың, Әбдіреевтің азаматтығына әрқашан халқы құрметпен еске алады.
Нұрабай ҚҰДАБЕКОВ,
дербес зейнеткер.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |