БРАНДЕНБУРГ ҚАҚПАСЫНДАҒЫ ҚОЛТАҢБА

Ерлігі елге аңыз, ертеңге үлгі болған қызылордалықтар қатарында еңбек және соғыс ардагері, медицина қызметінің запастағы капитаны Колесник Любовь Сергеевна да бар. Бүгінде 90-нан асқан қария әлі күнге дейін кітап оқиды. Газет-журнал ақтарып, күнделікті жаңалықтардан қалыс қалмауға тырысады.
ТАҒЫЛЫМ 04 мамыр 2018 г. 597 0

ЕРЛІГІ ҰРПАҚҚА –ҰРАН, ЕЛГЕ – ҮЛГІ

– Соғыс басталғанда небәрі 17 жаста едім. Мектепте оқып жүрген кезім. Бұл зұлмат күн барлық шаңырақты шарпып жатты. Біздің отбасымызға да оңай соқпады. Себебі, қан майданға алдымен Мәлік ағам аттанды. Онан кейін мен кеттім. Бірақ барлық жанға қасірет әкелген соғысқа өзім сұрандым. Өйткені, менің санамда елімді, жерімді жаудан аман алып қалу ғана тұрды. Отбасымды жасы келген әкем мен ағама табыстап осылайша кете бардым, – деп Әбдірауық ата әңгімесін әріден бастады.   
ТАҒЫЛЫМ 04 мамыр 2018 г. 623 0
ЕЛ МҮДДЕСІНЕ АДАЛ ЕҢБЕК

ЕЛ МҮДДЕСІНЕ АДАЛ ЕҢБЕК

Кез келген адамның қолынан келер ісін алаңсыз жүргізіп еңбек етуі, сол арқылы өзіне де, елге де пайда келтіре алуы үшін жұмысын жақсы көруі тиіс.
ТАҒЫЛЫМ 30 сәуір 2018 г. 1 038 0

Барлаушы

«Қазақтар ақкөңіл, ақжарқын, ержүрек, батыр халық екендігін осы соғыста көрсете білді. Егер де менің әскери құрамам тек қазақтардан ғана құралса, мен өз тағдырыма өмір бойы риза болар едім».(П.Л.Романенко - әскери қолбасшы)Ұлы Отан соғысында Қазақстан азаматтары алғашқы күннен-ақ  жауға қарсы тұруға бір адамдай жұмылды. А.Гитлердің 1942 жылы. 5 сәуірдегі № 41 тапсырмасында неміс қарулы күштерінің басты мақсаты – «Кеңес елі қарамағында қалған қарулы күштерді түбегейлі құрту», – деп көрсетілген.
ТАҒЫЛЫМ 29 сәуір 2018 г. 799 0

ЕРЛІГІҢ МЕН ЕСІМІҢ ЕЛ ЕСІНДЕ

Бала күнімде үйде ақ чемодан тұратын. Бірақ ішін ашып көргенім жоқ. Құнды дүние болар деп ойлайтынмын. Уақыт өте келе оның ішінде атамның Фин, Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлігі үшін алған орден-медальдары мен құжаттары сақтаулы тұрғанын білдім. Сонда кеудемде мақтаныш сезімі орнады. «Мен Ұлы Отан соғысы батырының немересімін!» Иә, расында солай.Атам Жақсылық Адайбаев 1917 жылы Жаңақорған ауданы, Политотдел колхозында дүниеге келген.  Сол кездегі ең жоғары білім саналатын 7 жылдықты бітірген. Оқуын одан әрі Ташкент қаласында жалғастырыпты. Ел атамды сауатты кісі болған деседі. Ол 1938 жылдың күзінде Жаңақорған аудандық әскери комиссариатының шақыртуымен Қызыл әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын адал атқарады. 1941 жылы соғыс басталды. Суыт хабар әне-міне туған жерге қайтамыз деп тұрған Қызыл әскер жауынгерлеріне оңай тимеді. Олар майданға араласады. Жас жауынгер жан берісіп, жан алысқан шайқаста бірнеше мәрте жарақат алғанына қарамастан Отаны үшін өр кеудесін оққа тосты.  Қан майданның бел ортасында талай жаумен шайқасып,  ерлігі, мергендігімен көзге түсті.  Атқыштар бригадасының командирі болды. 1942 жылы майдан даласында алғы шепте жүріп Коммунистік партияға өтеді.  Көктен де, жерден де қарша бораған оқтан аяғынан және басынан ауыр жарақат алды. Бірақ солдаттардың аздығынан қайта ұрыс даласына аттанды. Жарақат алған жауынгерлердің көбісі қайта майданға осылай кетіп жатты. 1944 жылы майданнан босатылып, балдаққа сүйеніп елге оралды.
ТАҒЫЛЫМ 29 сәуір 2018 г. 713 0
МЕНІҢ АТАМ АСЫЛ ЖАН

МЕНІҢ АТАМ АСЫЛ ЖАН

Мен атамды көре алмадым. Жарық дүниеге келерден бірнеше жыл бұрын, алпыс жасында өмірден озыпты. Тек атамның маған жеткен, өз қолымен жазған қойын дәптерін көру, соны оқып, түйсіну бұйырыпты. Аманат етіп қалдырған дүниелерін, мұрасын, жиналған хаттарын, сақталған жырларын оқып отырып тамсанамын. Қарасаң көз сүйсінеді. Бейне бір белгілі қаламгер немесе ақынның күнделігінен алынған беттер секілді, ойы терең, ал жазуы маржандай... Бойындағы өнер ұшқындарын дамытып, ол саламен түбегейлі айналысқан болса, кім біледі, халыққа танымал жазушылардың бірі болар ма еді? Бірақ қалтарысы көп өмір бұралаңдары, қатыгез соғыс оның өз шығармашылығына дұрыстап көңіл бөлуіне мүмкіндік бермеді деп ойлаймын. Үш әліпбиді (латын әліпбиі, төте жазу, кириллица) қатар меңгеріп, еркін қолданған, өмірін ел қорғау мен адал еңбекке арнаған Сыздық атамның алпыс жылға ғана жеткен мағыналы өмірінің өзі саналы ұрпағы үшін тұнып тұрған өнеге дерсіз...
ТАҒЫЛЫМ 29 сәуір 2018 г. 878 0

ТАР ЗАМАННЫҢ ПЕРЗЕНТТЕРІ

Әкем Әжбен Үмбетәліұлы 1910 жылы Арал ауданының Ақеспе ауылында туған. Менің әке-шешем Аралға ертерек келіп қоныстаныпты. Сол кездері ірі кемелер болған екен. Мұз жарғыш кеме, әрқайсысының аттары бар. Бұл кемелер теңіздің етегінде отырған балықшылардың балығын жинап таситын. Рефрижератор кемеге әкемнің Барта деген қайығы тіркеліп, барлық кемені  әкем маймен қамтамасыз етіп отыратын. Сонда ол кісі: «теңіздің ортасында құрдым бар, иіріп суын жұтып жатыр. Кемемен түнде өту де қорқынышты» деп айтып отыратын. Міне, сол әкемнің айтатын сөздері шындыққа айналды. Сөйтіп теңіз құрдымға кетті. Дегенмен 50 жылдан аса уақыттан кейін Аралдың тамырына қайтадан қан жүгірді.
ТАҒЫЛЫМ 29 сәуір 2018 г. 704 0

СОҒЫСТАН ҚАЙТҚАН БІР СОЛДАТ

Жаутаңдап қарап дала тұр,Көз жасын сүртіп жаңа бір.Хабарсыз ұлын сұрауға,Жолыңды тосып ана жүр, – деп басталатын Сырбай Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты өлеңінде жырланғандай,  соғыс біткен жылдары қаншама аруларымыз, келіншектер мен аналарымыз көз жасын сүртіп, жол тосты. «Азаматым аман келеді» деген үміт отын өшірмеді. Қырдан бұлдыраған бейне көрінсе, елең етіп алдынан шығады. Бірақ үміт оты сөнгендері қаншама...Иә, бұл кезеңді суреттеп жеткізу мүмкін емес. Бірақ сол зұлмат соғыста болып, талайды көрген майдангерлердің өзі өткенін өкінішпен еске алады. 1941 жылы Сталин радиодан  «Ұлы Отан»  деген сөзді нықтап айтып, алғаш рет сарбаздарға рух пен жігер беретін хабарламасын жасады. Міне, осы хабардан соң ер азаматтар Отан үшін деп қолына қаруларын алды.  Отан үшін от кешіп, жанын шүберекке түйген батырларымыздың көкейінде бір ғана ой  тұрды. Ол Отаны үшін өлімге де бас тігіп, жері мен елін қорғап қалу еді.
ТАҒЫЛЫМ 29 сәуір 2018 г. 724 0
ТОҚСАН БЕСІНШІ КӨКТЕМ

ТОҚСАН БЕСІНШІ КӨКТЕМ

Сұрапыл кезеңде  Қазалы ауданынан 11 мыңға жуық азамат майданға аттанса, олардың 6 мыңнан астамы ғана елге оралған. Ұрыс даласында мерт болған қазалылық жауынгерлердің 327-сі Октябрь ауылының азаматтары еді. Бүгінгі таңда аудан бойынша небәрі бес соғыс ардагері арамызда жүр. Сол батырлардың  бірі – Бекарыстан би ауылынан Қабақ Смағұл көкеміз. Биыл тоқсан бесінші көктемін қарсы алған майдангер, әлі күнге ширақ қимылынан танбаған нағыз батырлықтың үлгісі дерсіз.Сұрапыл кезеңде  Қазалы ауданынан 11 мыңға жуық азамат майданға аттанса, олардың 6 мыңнан астамы ғана елге оралған. Ұрыс даласында мерт болған қазалылық жауынгерлердің 327-сі Октябрь ауылының азаматтары еді. Бүгінгі таңда аудан бойынша небәрі бес соғыс ардагері арамызда жүр. Сол батырлардың  бірі – Бекарыстан би ауылынан Қабақ Смағұл көкеміз. Биыл тоқсан бесінші көктемін қарсы алған майдангер, әлі күнге ширақ қимылынан танбаған нағыз батырлықтың үлгісі дерсіз.
ТАҒЫЛЫМ 29 сәуір 2018 г. 1 033 0

ЕРЛІГІ ӨШПЕС МӘҢГІЛІК

Екінші дүниежүзілік соғыс еліміз үшін ауыр тиді. Қаншама отбасының шаңырағы ойрандалды. Бірі – атадан, бірі – ағадан, енді бірі інісінен айырылды. Ал, дүние есігін ашып, жан-жағын енді біле бастағандар балалықпен ерте қоштасты. Сондықтан да болар, әкеге, бауырға деген сағыныш пен тағдыр тауқыметінің кермек дәмі осы жылдары еңбек еткен әрбір жанның есінен кетпесі анық.
ТАҒЫЛЫМ 29 сәуір 2018 г. 705 0