Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңестер Одағының батыры Марина Раскова, Валентина Гризодубова, Полина Осипенко, Евдакия Бершанская, Ирина Себрова, Валерия Хомякова, Лидия Литвяк секілді ұшқыш қыздар қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Олардың есімдері Кеңестер Одағы халқының есінде қалды.
ТАҒЫЛЫМ
26 шілде 2018 г.
780
0
...Қайырға біткен шынармын,Толса күнім сынармын.Қайда жақсы бар десе,Қауышқанша құмармын. Балқы Базар.Расында, жаны ізгі жақсы адамдар көркем мінезімен, көрнекті ісімен көптің көңілінен өшпестей орын алады. Табиғатының тазалығымен, танымының тереңдігімен, азаматтық тұлғасының биіктігімен бағаланып, ағайын-туыс, дос-жаранға деген даладай дархан пейілімен дараланып тұрады. Міне, осындай бірегей болмысты азамат, қазақ ғылымына сүбелі олжа салған, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Мырзабеков еді.
ТАҒЫЛЫМ
26 шілде 2018 г.
686
0
Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құңдылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын.
ТАҒЫЛЫМ
25 шілде 2018 г.
763
0
Қызылордадан Жезқазғанға қарай тіке тартатын күрежол бойымен қаладан он шақырымнан әрі өте бере оң жағыңызда «Сәдір сарайы» деген жер шығады. Кеңес өкіметінен бұрын осы маңнан Бірқазанға келіп қосылатын «Ошақтыкөл», «Ақбостай», «Көксу» аталатын аймақтарда қыпшақ руының бірнеше аталығы, оның ішінде Көкмұрын әулетінің екі жүзге жуық отбасы отырықшылыққа бейімделіп, егін салған.
ТАҒЫЛЫМ
24 шілде 2018 г.
633
0
Біздер ежелден көршілес болып келе жатқан Ресей мен Қазақстан қарым‑қатынастары туралы сөз еткенде көбіне кешегі патша өкіметінің отаршыл саясатын алдыңғы шепке шығарып келеміз. Бұл билік жүйесінің саясатынан туындап отырды. Сонымен бірге тегі, тілі, діні және ділі бөлектіктен те кейде қайшылықты жағдайлардың болғаны рас. Алайда арысы Батыстың, берісі Ресейдің озық мәдениеті мен ғылымының қазақ қоғамына игі ықпалы да аз болмағанына көз жұмуға әсте болмайды.
ТАҒЫЛЫМ
24 шілде 2018 г.
632
0
Алтын сияқты, уран да таңқаларлық қасиетке ие металл. Ол атом энергетикасында ғана емес, медицинада да, ауыл шаруашылығында да және өнеркәсіпте де пайдаланылады. 1 келі уранның әлеуеті 3 миллион келі көмірдің қуатына тең. Уран ешқашан таза күйінде кездеспейді. Оны кеннен қышқыл ерітіндісі арқылы ажыратады. Бұл ұзақ әрі күрделі үдеріс. Ал арнайы жетілдірілген биомасса бұл үдерісті анағұрлым тездетеді. Экологиялық таза, экономикалық тиімді инновациялық технология полиметалдық кендердің гидрометаллургиялық мәселелерін шешуде жаңа мүмкіндіктер туғызып отыр. Бұл Қазақстан үшін бүгінгі таңда ерекше маңызды.
ТАҒЫЛЫМ
24 шілде 2018 г.
708
0
Шиелілік Арыс Айсалыұлы Мизамбаев майданға 1942 жылы алынады. Үш ай әскери дайындықтан өткен соң, Орталық майдан құрамында Смоленск қаласын азат етуге аттандырады. Орталық майдан құрамаларының жауынгерлері 10 -гвардиялық армия қатарында, басқа құрамалармен бірге Смоленскіні неміс фашистерінен азат етті. Арыстың ротасы да бұл іске өз үлестерін қосты. Мұнан соң Украина майданына жіберіледі.
ТАҒЫЛЫМ
24 шілде 2018 г.
1 313
0
«Іздеп келер інің бар болса,Бақытың барын содан біл.Аңсап келер ағаң бар болса,Әруағың барын содан біл. Аларды біліп, бермегеннен без,Ел-жұрты қашып, ермегеннен без.Үйіне қонақ қонбағаннан без,Көптің айтқанына болмағаннан без.»Төле би
ТАҒЫЛЫМ
24 шілде 2018 г.
695
0
Ілгергілер айтып отырушы еді, «Адамды екі нәрсе қартайтпайды; бірі жақсы мінез, екіншісі-жақсы сөз», деп. Сол айтпақшы, Әбдіхалық ағамыздың құрыштан құйылғандай денесі бұл күндері сәл-пәл еңкіш тартып, аздап ет қашқаны болмас, жанары баяғыдай өткір, сөзі нық, ісі бекем күйде. Бұл жаратушының берген қасиеті мен жақсы қартая білуінің белгісі болар. Сексен сегіз жасыңыздың биігіне көтерілген сүйегі асыл, жаны жайдары жан әңгімелесе қалсаңыз, ауыл-үйдің уақ әңгімесін емес, елдік тұрғыдағы, қоғамға қажетті қағидаттарды түйіп-түйіп ортаға тастайды. Өз пікірін күлкілдетпей, ашық та, сауатты жеткізуімен бірге, қағаз бетіне де түсіріп отыратын бейнеткіштігі де бар.
ТАҒЫЛЫМ
24 шілде 2018 г.
798
0
Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың бір көршісі терезе тұсына ылғи қоқыс тастайтын болыпты. Сол көршісі үйреншікті әдетінен жаңылды ма, әйтеуір, бірер күн қоқыс тастамаймын болыпты. Бұған таңырқаған пайғамбарымыз «бұған не болды, менің тереземнің тұсына қоқыс тастамайтын болды ғой» деп үйіне барса керек. Сөйтсе, әлгі көршісі қатты сырқаттанып кәлимаға тілі келмей о дүниеге аттанғалы жатқанын байқаған пайғамбарымыз дұғасын оқып, көршісін соңғы сапарға шығарып салуға белсене атсалысып, көмек көрсеткен көрінеді. Міне, мұнда «ұлық болсаң – кішік бол, бәріне кешірімен қара» деген пиғыл жатқан жоқ па?! Осы орайда талантты ақын Ибрагим Исаның «Кешіріммен көкжиегің кеңейді, кешіріммен тас жүректер ериді» деген сөзі еріксіз ойға оралады.
ТАҒЫЛЫМ
24 шілде 2018 г.
2 300
0