Біз күн сайын жосылған жолдарға түсіп, көсілген көлікпен жүйткіп бара жатамыз. Сол бір дала тамырында қанша жұмыскердің тері төгіліп, қара жолға сіңген қаншама қолдың ыстық табының бетке ұрып жататынын білеміз бе? «Жолаушының ақысы жүрсе бітеді», – деп, әрине, мұндай терең сырға бойлай бермесіміз анық.
ТАҒЫЛЫМ
21 тамыз 2018 г.
678
0
Адамды өз ортасында сый-құрметке бөлеп, қадірлі ететін кісілік келбет, азаматтық ұстаным, адамгершілік бітім-болмыс. Балалық, жастық шағымыз бірге өткен, бүгінде алпыстың асқар белесін бағындырып отырған досым Қазтай Тоқтасынұлы туралы айтқанда бірінші оның осы қасиеттері ойға оралады.
ТАҒЫЛЫМ
20 тамыз 2018 г.
653
0
Күнделікті ақпаратқа құлақ тосамыз. Газет тігінділерін парақтаймыз.Өтенов дейді. Ау-у, бұл қай Өтенов? Зияғаладин Өтенов пе? Е-е, ол неғыпты? 2003 жылы-ақ ауданның «Үздік кәсіпкері» атанған дейді. Одан бері де марапаттары аз емес дейді. Мәселен, Қазақстан Республикасындағы ұлттық бизнес рейтингіні ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Қазақстан даңқы», Қазақстан агроөнеркәсібінің «Құрметті қызметкері» орденімен және кәсіби саладағы «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған дейді.
ТАҒЫЛЫМ
14 тамыз 2018 г.
595
0
Әлемде жұрт ардақтар, құрметтер мамандық бар. Соның бірі-дәрігерлік. Ауырған тәнді қалпына келтіріп, кейде өмір мен өлімнің арпалысқан қатерлі сәттерінде барлық білімі мен білігін салып, адам үшін маңдай терін сылып еңбек ететін мамандық иелерін қалай мақтасақ та болады. Дәрігерлердің шипалы қолдарының арқасында өмірден күдер үзгелі жатқан науқас адам аман-есен жарық дүниеге қайта оралады.
ТАҒЫЛЫМ
10 тамыз 2018 г.
1 196
0
Теке бабамыз шамамен 1720-1725 жылдары өмірге келген тұлға. Бабамыз өмір сүрген кезеңдегі ортаның саяси-әлеуметтік жағдайын сипаттасақ, оның өмір кешкен кезеңі анау айтқандай жеңіл емес еді. Әбілқайыр ханның аумалы -төкпелі, одан кейін таққа отырған Ералы сұлтанның, Есім хандардың заманына сәйкес келеді.
ТАҒЫЛЫМ
07 тамыз 2018 г.
706
0
Біздің бүгінгі әңгімеміз төс бен балғаны қару еткен, нәзік қолдарымен ыстық жерде көрік басқан ұста жайлы емес, Сыр өңірінде қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы токарь қыз туралы өрбімек. Ол Қызылорда локомотив депосында қырық жыл үзіліссіз токарь станогының құлағында ойнаған, табысты да үлгілі еңбек еткен Үміткүл Қамбарқызы еді. Жетпіс деген жастың жетегіне жетіп қалған, өз ұрпақтарының алдында салиқалы да салмақты көрінетін осынау байсалды да байыпты жанның мейірімге толы жанарынан оның өмірге деген құштарлығын оқуға болады...
ТАҒЫЛЫМ
06 тамыз 2018 г.
728
0
Ұстаз. Кім үшін де қадірлі, құрметті есім. Азамат ретінде қалыптасып, қоғамда өз орнымызды тауып жатсақ, ата-анамызбен қатар ұстазымыздың сіңірген еңбегін еске алып жататынымыз да осы бір ардақты есімге деген ізет, құрметіміз болса керек. «Он жылдығыңды ойласаң – мал бақ, жүз жылдығыңды ойласаң – ағаш ек, мың жылдығыңды ойласаң – ұрпақ тәрбиеле» деген ескіден келе жатқан есті сөз де ұстаз еңбегінің ұлылығын меңзейді. Шынында, ұстаз есімінің ұмытылмауы, тіпті жыл өткен сайын санаңда жаңғыра түсуі оның мәңгілік ғұмыр иесі екендігін көрсетсе керек.
ТАҒЫЛЫМ
02 тамыз 2018 г.
777
0
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді.
ТАҒЫЛЫМ
01 тамыз 2018 г.
1 571
0
«Туған жерге туыңды тік!». Біршама уақыт бұрын Жанқожа батыр ауылындағы тағылымды тірлікті көргенде осынау даналық сөз ойға оралған еді. Бұл күні аталған елді мекендегі №94 мектепті 1978 жылы бітірген түлектер бас қосып, ауылдастарына керемет тарту жасағанын айта кету ләзім. Ауыл орталығынан белгіленген орынға тал егіп, «Түлектер аллеясы» деген атау берген игілікті шараға Жетпісбай Қарасаев есімді азамат бастамашы болыпты. Ауылға Жетен есімімен танымал осынау сұңғақ бойлы жігіт ағасы ауыл көлеміндегі жасыл желектің шынайы жанашыры десек, жалған емес. Үйіргелік жеріне түрлі жеміс ағаштарын отырғызып, күтіп-баптаудан жалықпайтын Жәкеңнің еңбегі өзгелерге үлгі қылуға әбден лайық.
ТАҒЫЛЫМ
31 шілде 2018 г.
895
0
Қазақ қыздары дегенде Тұран даланы тұмарындай сақтап, көзінің қарашығындай қорғаған, қолына найза ұстап атқа қонған Томирис – Тұмар ханым көз алдымызға келеді.
ТАҒЫЛЫМ
27 шілде 2018 г.
1 225
0