Шиелі кентінің ардагерлері биыл ерекше бастама көтерді. Егін егіп, жұртқа үлгі көрсетуді ойлаған олардың өтінішіне сай аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ерте көктемде арнайы жер бөлуге тапсырма берген болатын-ды. Осы шаруаның басы-қасында жүрген кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдішүкір Батырбаевтың басшылығымен 9 гектар жер айдалып, арықтары тартылып, 44 ардагерге бірдей бөлініп беріледі. Көп ұзамай, өздерінің қалауынша түрлі дақылдарды орналастырып, күтімге алды. Арасында жұмыла жүріп, мал түспес үшін қора да жасауға үлгерді. Нәтижесінде бірінің қызанағы мен қияры ерте өнім бере бастаса, көп ұзамай сарыала әңгелек пен қауын-қарбызы да өздерінің тұтынуларына жарады.
ТАҒЫЛЫМ
11 қыркүйек 2018 г.
730
0
Жүйіткіген жүйріктей, аққан жұлдыздай зулап өтіп жатқан уақыт-ай. Арамызда жүрген жақсы адам өмірден өтіп кетсе де, көңілден ешқашан өшпек емес. Оның артында ұстамы жақсы ұрпақ, қабырғаны қайыстырған қимастық пен Алатаудай сағыныш қалады. Өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаздың өмірден озғаны қабырғамызды қайыстырды. О бастан өлмек айқын. Бұл пәниде темір өзекті пенде жоқ. Өлмес адам елде жоқ. Өлімнен өтер өткел де жоқ. Бірақ төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей, жақын мен алысты бірдей тең көрген, елінің жігері, қоғамның тірегі бола білген Асқар Қалиұлын өлімге қию да, енді арамызда жоқ дегенге сену де қиынның қиыны.
ТАҒЫЛЫМ
08 қыркүйек 2018 г.
897
0
Бар өмірін туған жеріне, еліне қалтқысыз қызмет етуге арнаған қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Дәумен қажы Шоманұлының туғанына 90 жыл толды.Сонау 1980 жылдары Қазақ телевизиясының редактор-тілшісі ретінде Сыр елінде іссапарда жүріп Жаңақорған ауданы кәсіподақтарының төрағасы, бюр Бар өмірін туған жеріне, еліне қалтқысыз қызмет етуге арнаған қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Дәумен қажы Шоманұлының туғанына 90 жыл толды.о мүшесі Дәумен Шоманов ағаймен кездесіп, сұхбат алған едім. Содан бері ағаға деген құрметім, ықыласым арта түсті.
ТАҒЫЛЫМ
08 қыркүйек 2018 г.
892
0
Қайран өмір-ай! Тіршіліктің жалған екендігін білеміз ғой, бірақ бір сәтте өте шығатынына сенгің келмейді, амал жоқ көнесің, қолыңнан келер басқа шара жоқ.Қарымды қаржыгер, мемлекет және қоғам қайраткері Құттықожа Ыдырысұлы әріптесімнің, інімнің бұл дүниеден өткеніне 40 күн болып қалыпты-ау. Оның 67 жылдық өмірінде кейінгілер айта жүретін айшықты ізі қалды, кіршіксіз таза жолы қалды.
ТАҒЫЛЫМ
06 қыркүйек 2018 г.
999
0
Абыз Абайды «Мұндай да ажал көрдің бе, Тонаудан бір күн тынбаған?» деп налытқан ажал ардақты Құттықожа Ыдырысов ағамызды да арамыздан мезгілсіз, күтпеген жерден алып кеткенін естігенде төбеден жай түскендей болған сол бір қаралы күннен бері де қырық күндей уақыт өтіпті...Ағамыздың ес біліп, алғаш еңбекке араласқанынан күні кешеге дейінгі ғұмыры – барлық күш-жігерін, білімін, қабілетін елге қызмет етуге арнаған атпал азаматтықтың үлгісі.
ТАҒЫЛЫМ
06 қыркүйек 2018 г.
841
0
Бұл пәниде кім өтпеді, патша да өтті, пайғамбар да өтті. Оларды тарих неге түгендейді, өйткені тағылымы төре. Із өшпеу керек!Иә, мәңгілік ештеңе жоқ, қалыбы қатты темір де тот басып, тозады. Оның қасында жүрегі жұмсақ, ет пен сүйектен жаралған адам азулы емес. Маңдайға жазған тәңірдің берген жасын көреді, талқаны таусылса, оған ешқандай шара да жоқ. Бірақ өлмейтін бір-ақ нәрсе – ісі мен ізі екен.
ТАҒЫЛЫМ
04 қыркүйек 2018 г.
877
0
Сыр халқы ауыр қайғыға душар болды. 80 жасқа қараған шағында Сыр өңірінің дамуына өлшеусіз үлесін қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы – Сейілбек Шаухаманұлы өмірден озды.
ТАҒЫЛЫМ
28 тамыз 2018 г.
612
0
Сейілбек Шаухаманұлы дүниеден озды дегенде сенер-сенбесімізді білмей, абдырап аңырап қалдық. Апыр-ау, осы күні кеше ғана емес пе еді, қалың елдің ортасында өзіне тән сабырлы қалпын сақтай отырып, дүниеден өткен сыйлас, бауырлас Сыр бойының абыз ақсақалы Ыдырыс Қалиұлының жылдық асында ұлағатты сөздер айтқаны, қоштасқандай болып ой тастағаны. Осыдан кейін өткен өміріңді жалған демей не дерсің?!
ТАҒЫЛЫМ
28 тамыз 2018 г.
824
0
Биіктік. Очеркімді осылай атауымның басты себебі – кейіпкерімнің замандастарының арасында еңбекке араласқан күннен бастап, зейнеткерлік өмір кешіп келе жатқан бүгінге дейінгі уақыт аралығында қай қырынан алып қарағанда да өзінің өзгеше биіктігін сақтап келетіні.
ТАҒЫЛЫМ
25 тамыз 2018 г.
535
0
Орта бойлы, жігіт ағасы келіп сәлемдесті де:– Осы айдың 23-жұлдызында әкеме ас бермекші едім, соған шақыра келдім, – деді.– Ал-л, әкеңіз кім еді?– Әбжәми Сарымсақов.– Ау-у, «Аралтұздың» айтулы комбайнері, Социалистік Еңбек Ері Сарымсақов па?– Иә, иә... Мен сол кісінің Оразғали есімді баласымын.Архивімді ақтардым. 1971-жылдың шілдесінде жазылған «Айтулы Еңбек Ері» деген мақаламның көшірмесі бар екен. Сол қалпында баспаға ұсынып отырмын.
ТАҒЫЛЫМ
21 тамыз 2018 г.
688
0