Халықтың тарихы дегеніміз – шын мәнінде тұлғалардың тарихы. Ел есінде қалатын тарихты да тұлғалар жасайды. Сейілбек Шаухаманов – тек қана облыс емес, республика тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі еді.
ТАҒЫЛЫМ
14 мамыр 2019 г.
860
0
15 мамыр – мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановтың туған күні. Қайталанбас тұлғаның мәңгілік сапарға өткеніне де жылға жақындап қалды.
ТАҒЫЛЫМ
14 мамыр 2019 г.
1 595
0
Ұлы Отан соғысына қатысып, бес орденмен марапатталған қазалылық соғыс ардагері болғанын кездейсоқ естігенімде сене қойған жоқпын. «Медальдарды да орденге қосып тұрған шығар» деп ойладым. Тарихшы ретінде соғыс тақырыбын зерттеп жүргенімде 2-3 ордені бар соғыс ардагерлерін білетінмін, олар нағыз батырлар еді. Солардың бірі «Қызыл Жұлдыз» орденінің екі мәрте иегері, аудандық ішкі істер бөлімінің ардагері М.Беков деген кісі еді.
ТАҒЫЛЫМ
09 мамыр 2019 г.
1 754
0
Сейдахметов Алтынбек 1916 жылы Шиелі ауданы, бұрынғы Сырдария ауданы, Сұлутөбе аумағында ауқатты шаруаның отбасында дүниеге келген. Сұлутөбе құрылыс материалдары комбинатында жастайынан жұмысқа араласқан. 1937 жылы Белгібайқызы Жақсыгүлге үйленіп, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған күннің ертеңіне, әскер қатарына алынған.
ТАҒЫЛЫМ
09 мамыр 2019 г.
678
0
Биыл жер-жаһандағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 74 жыл толып отыр. Арада қанша уақыт өтсе де қайғылы қантөгістің қасіретін санадан сызып тастау әсте мүмкін емес. Төрт жыл бойы от пен оқтың ортасында ерлік үлгісін көрсетіп, батырлық танытқан ерлер есімі тарихта алтын әріппен жазылып қалатыны анық.
ТАҒЫЛЫМ
09 мамыр 2019 г.
1 008
0
Тойымбетов Омар 1921 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы (бұрынғы Жаңақұрылыс) Құттықожа ауылында дүниеге келген. 5 жасында әкесінен айырылып, анасы Қалдығыздың тәрбиесінде болған. Жастайынан еңбекке араласқан ол 1940 жылдың 10 қаңтарынан Жаңақорған аудандық кітапхана меңгерушісі, клуб меңгерушісі қызметін атқарған. Өзінің зеректігі арқасында елдегі сауатсыздықты жою жұмысына белсене араласып, мұғалім болған.
ТАҒЫЛЫМ
09 мамыр 2019 г.
1 039
0
Екінші дүниежүзілік соғыстың оты сөніп, Жеңіс туының желбірегеніне 74 жыл толды. Қан майданнан аман оралған санаулы ғана сарбаз қалды. Олардың әрқайсысын қадірлеу, құрметтеу, оған қоса жастығы мен денсаулығын соғыс даласында қалдырған, бүгінде өмірден өтіп кеткен ардагерлерді еске алу – бейбіт күннің бесігінде тербелген әрқайсымызға парыз.
ТАҒЫЛЫМ
09 мамыр 2019 г.
891
0
Комиссия ертең келеді деген хабар түскен. ПМК бастығы Ахмет орынбасарын ертіп, нысанды тағы да өз көзімен көруге шықты. Уақыт сәскеден озған. Екі-үш бөлмеден өтіп, оларды дайындап жүрген жұмысшылардың ынталы істерін байқап, көтеріңкі көңілмен келесі бөлмеге ене бере шат пейілдері нілдей бұзылды. Кіреберісте учаске мастері мен жұмысшы түрегелді. Алдарында жайылған газет үстінде шөлмек пен балық консервісі, қолмен үзілген жарты бөлке нан. Екеуінің де көзі күлімдейді.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
456
0
Ұлы Отан соғысы – халқымызға төнген ең ауыр төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан алысып, жан беріскен сұрапыл кезең болып тарихта қатталып қалды.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
471
0
Адамзат тарихында өшпес із қалдырған, әрбір жанның жүрегіне жара салып кеткен, ең суық та сұрапыл соғыстың аяқталғанына 74 жыл толғалы отыр. Ұлы Отан соғысына, қан майданға жастары 18-19-ға толар-толмастан аттанғандардың өзі қазірде тоқсанды орталады. Олардың қатары уақыт өткен сайын сиреп, азайып бара жатыр. Биыл облыс бойынша небәрі 25 соғыс ардагері қалыпты. Сондықтан да сұм соғыстың қасіреті мен бабалар ерлігін жазу, кейінгі ұрпаққа дәріптеу – бүгінгі күннің талабы. Өйткені, қасиетті Отанымыздың қорғаны болып, қанқұйлы соғыста жеңіске жеткен майдангерлердің сол бір ауыр жылдар туралы айтқан естеліктері бүгінгі және келешек ұрпақ үшін құнды екендігі даусыз.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
457
0