Бөлімше командирі

Сейдахметов Алтынбек 1916 жылы Шиелі ауданы, бұрынғы Сырдария ауданы, Сұлутөбе аумағында ауқатты шар­уаның отбасында дүниеге келген. Сұлутөбе құрылыс материалдары ком­бинатында жастайынан жұмысқа араласқан. 1937 жылы Белгі­бай­қызы Жақсыгүлге үйленіп, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған күннің ертеңіне, әскер қата­рына алынған.

Ұлы Отан соғысына басы­нан аяғына дейін қатысып, қа­тардағы жауынгер аға сер­жант дәрежесін алып, бөлімше ко­мандирі ретінде соғысқан. Ресей, Беларусь, Украина, Польша жерлерін неміс бас­қын­шыларынан азат етуге қа­тысқан. Көрсеткен жауын­гер­лік ерліктері үшін үшінші дәрежелі «Даңқ» ордені, жауын­герлік «Қызыл Жұлдыз» орде­німен, «Кеннигсбергті азат еткені үшін» медалімен, «Гер­манияны жеңгені үшін» меда­лімен және оншақты медальмен марапатталған. 1944 жылы 29 маусымда жо­ғарғы бас қолбасшы, маршал И.В.Сталиннің бұйрығымен Боб­руйск, Могилев облысы азат ету­дегі жауын­герлік ерлігі үшін алғыс жария­ланған хат берілген.

1943 жылы елге қысқа мерзімге демалысқа келді. Осы жоғарыдағы жа­зыл­ған орден, медальдардың, куәлік­тердің түп­нұсқалары ұлы Айдарханда сақтаулы.

1944 жылы коммунистік партия қата­рына қабылданған. Ұлы Отан соғы­сы аяқталғаннан кейін Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ерекше бөлі­міне қызметке қалдырылған. Соғыс ке­зінде бірнеше рет ауыр жараланған, бір­неше рет снаряд жарықшақтарынан жеңіл жарақат алған. Жарақаттың асқы­нуына байланысты 1946 жылы елге қайтарылған. Сейдахметов Алтынбек өте ұқыпты кісі еді,  ҰОС алған награ­даларын және жарақаттары жайлы, қандай госпитальдарда ем­делгені туралы құжаттарды ша­шау қалдырмай жинап жү­ретін. Құжаттардың түп­нұс­қалары және көшірмелері осы кезде ұлы Айдарханның үйінде сақтаулы.

Ұлы Отан соғысынан кейін халық шаруа­шылығын қалпына келтіру кезінде «Құмсуат», «Бір­лестік»,  «Қа­зақстанның 30 жыл­дығы», «Айдарлы» колхоздарында колхоз төрағасы, ауылдың кеңес төрағасы қыз­меттерін абыроймен атқарған. 1949 жылы Орал қаласына 2 жылдық оқуға, білімін көтеруге жіберілген. 1952 жылы Қызылорда қала­сына ауылдың кеңес төр­аға­ларын дайындайтын 4 айлық курста оқыды. Қиын кезде қандай қызмет ат­қарса да, елдің құрметіне, алғысына бө­лен­ген азамат болған.

Қызылорда қаласының тұр­ғыны, еңбек және тыл арда­гері туралы Үйсін­баев Жақсылық ардагер туралы «Құмсуат», «Ким», «Бірлестік», «Қа­зақстанның 30 жылдығы», колхоздарында еңбек еткен колхозшылар еңбек кітапшалары болмай, зейнетақы алуға құжат дайындай алмай қиындық болған кез­де, куәлардың анықтамасын жи­нап, жүздеген адамға жәр­дем­дескенін ризалықпен айтады. «Өзі қай жерге қоныстанса да саялы ағаш, жеміс-жидек өсіріп, ауылды көгалдандыруға, зейнеткер кезінде үлкен үлес қосатын» деп майдангердің бейбіт күндегі еңбегін еске алады.

Өзінен өрген үш ұл, үш қыз тәрбие­леумен қатар Ұлы Отан соғысында қаза болған Асан ағасының екі ұлын, қайын ата­сының екі ұлын өз балаларындай тәрбиелеп өсірген.

ҰОС және еңбек ардагері Алтынбек Сейдахметовтің өне­гелі өмірі жайлы мәліметтер К.Дошпановтың  «Өмір жолдарым», Ж.Таңы­рақ­баевтың «Жеңіске жеткен жауынгерлер», «Қыпшақ қай­рат­керлері» атты кітаптарында жазыл­ған. Облыстық бірнеше басылымдарда ардагер жайлы мақалалар жарық көрді.

Ағайынға қадірлі ақсақал турашыл­ды­ғымен, әділдігімен өнегелі өмір сүрді. Өмірінің соңғы жылдары Қызыл­орда қала­сында 10 жылдай тұрып, 1984 жылы ақпан айында дүние­ден өтті.

Алтынбек Сейдахметовтің елге жаса­ған еңбегін көрген кісілер Ұлы Отан соғысы ардагері және еңбек ардагерінің есімін мәңгі есте қалдыру шаралары қолға алынса деген тілекте. Ер есімі – ел есінде қалса екен деген азаматтар қа­тары баршылық.

Мырзалы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, 

Қызылорда қаласының 

құрметті азаматы.

ТАҒЫЛЫМ 09 мамыр 2019 г. 678 0