«Нұрлы жер" жеке баспанаға басымдық береді

«Нұрлы жер" жеке баспанаға басымдық береді

Баспаналы болу отбасылы жандар үшін бір бақыт, үлкен қуаныш. Сондықтан да  қазақ «Үйің болмай, күйің болмайды» деп бекер айтпаған. Мемлекет халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы шеңберінде ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Әлемді экономикалық дағдарыс құрсауы шырмап тұрған жағдайдың өзінде аталған бағдарлама аясында бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге қол жеткізудеміз. Оны өзіміздің Қызылордадан анық байқауға болады. Егерде бұрынғы кезеңдері көпқабатты үйлерден құралған бір шағын ауданды салып шығуға кемінде 4-5 жыл кетсе, соңғы екі жылда екі-үш шағын аудан үйлері жыл соңына дейін салынып бітіп жатыр. Соның арқасында қаншама отбасы жаңа баспанаға ие болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қыркүйек 2016 г. 854 0
Күре жолға күш түспеуі тиіс

Күре жолға күш түспеуі тиіс

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай” күрежолы ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді. Дегенмен, күрежолдағы кейбір мәселелер жол бақылау орындарын алаңдатып отырғаны байқалады. Осыдан біршама уақыт бұрын облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы жолға қатысы бар сала басшыларының басын қосып, жолда қабылдау акциясын өткізген болатын. Ауыр жүк көліктеріне тонналап жүк артқан алыс жолдың майын ішкен мамандарын тоқтатып, толғандырып жүрген мәселелерін тыңдады, ұсыныстарына құлақ түрді. Әр күні жол сақшыларының басшысын кездестіре бермейтін көпшілік ұтымды ұсыныстары мен оймақтай ойларын жеткізіп бақты. Олардың қатарында белоруссиялық Леонид Яскеевич те болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қыркүйек 2016 г. 880 0
Таласқаннан емес, жарасқаннан жетілеміз

Таласқаннан емес, жарасқаннан жетілеміз

Қазақ хандығының басынан бағы тайып, бодандық бұғауы мойнымызға ілініп, үш жүз жылдай отар болып, ұлт ретінде жойылып кету қаупімен бетпе-бет келіп, арысың атылған, халқың қынадай қырылған қасап заманды бастан өткерген жұртпыз. Құдайдың қалауымен тәуелсіз ел атанып, азаттықтың ақ таңына да жеттік. Міне, биыл бұл мерейлі мезетке де ширек ғасыр толыпты. Бұл шүкір дейтін дүниеміз. «Қилы-қилы заман мен кесірі көп кезеңдерден қалай аман өттік екен» деп ойлайсың. Басты себеп, ұлтымыздың ерік-жігері мен болашақта қазақтың өз қолы өз аузына жеткен азат ел болады деген үмітінде жатса керек. Құр үміттеніп қана қоймай, нақты әрекетке барғанының арқасында осы күнге жетіп отырмыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қыркүйек 2016 г. 699 0
Бауырластық байланыс нығая береді

Бауырластық байланыс нығая береді

Өзбекстан ­Республикасына жасаған сапарында Елбасы Өзбек­стан­ның тұң­ғыш Президенті И.Каримов­тің қабіріне гүл шоғын қойды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қыркүйек 2016 г. 602 0
СОЛ ЖАҒАЛАУ – БОЛАШАҚ ҚАЛА

СОЛ ЖАҒАЛАУ – БОЛАШАҚ ҚАЛА

Соңғы жылдары Қызылорда қаласын перспективалық дамыту бағытында көптеген жобалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Ғ.Мұратбаев көшесі басынан Сырдария өзені үстіне салынып жатқан көпір мен құрылысы биыл басталған айналма жол. Дария жағасында салынған айналма жол таяу күндері қалалықтар мен қала қонақтарының игілігіне берілсе, бізді жаңа қаламен байланыстыратын дәнекер-көпірдің құрылысы алдағы қараша айында аяқталады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қыркүйек 2016 г. 3 568 0
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ АЙҚЫН МІНДЕТТЕРІ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ АЙҚЫН МІНДЕТТЕРІ

Мемлекет басшысының төраға­лы­­ғы­мен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында елдің әлеу­мет­тік-экономикалық даму мәсе­лелері қа­рал­ды, сондай-ақ, эконо­микалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі алдағы шаралар ай­қындалды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қыркүйек 2016 г. 696 0
ЕЛОРДАҒА ЕЛДЕН КЕЛГЕН ЕРЕКШЕ ТАРТУ

ЕЛОРДАҒА ЕЛДЕН КЕЛГЕН ЕРЕКШЕ ТАРТУ

Азаттықтың самалымен тыныстап, еркіндікте өмір сүргенімізге биыл ширек ғасыр толады. Осы ұлы мерекеге орай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің бас қаласы – Астанада «Қуатты өңір – Қуатты Қазақстан» тақырыбымен облыс­тардың күндерін өткізу шарасы белгіленді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық меретойына арналған бұл думанды шара қыркүйек пен қараша айларында өтеді. Арқа төріндегі ару шаһардағы өңірлердің күндерін кешегі сенбі-жексенбіде Қызылорда облысы бастады. Астанаға қызылордалық делегацияны облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастап барды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қыркүйек 2016 г. 1 247 0
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ  ЖАҢА БЕЛЕСІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қыркүйек 2016 г. 661 0
БАЯНДЫ БАСТАМАЛАР МЕН ЖАРҚЫН ҚАДАМДАР

БАЯНДЫ БАСТАМАЛАР МЕН ЖАРҚЫН ҚАДАМДАР

Елбасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің25 жылдығына орай Астана қаласында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты өңірлер күндерін өткізуді тапсырған еді. Осыған сәйкес, Астанада Қызылорда облысының күндері өтуде. Кеше Орталық коммуникациялар қыз­ме­тінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық индус­триялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Жаханов түрлі деңгейдегі БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қыркүйек 2016 г. 850 0
БІЛІМ КҮНІНЕ – ЖАҢА МЕКТЕП

БІЛІМ КҮНІНЕ – ЖАҢА МЕКТЕП

Биылғы жаңа оқу жылында айма­ғымызда 4мектеп ел игілігіне пайда­лануға берілді. Апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында облыстық бюджеттен барлығы 5 млрд 44 млн теңге қаралып, бүгінде 12 мектептің құрылысы басталды. Соңғы 4 жылда өңірдің білім саласына бөлінген қаржы 2 есеге артты. Ал осы жылдар аралығында 43 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қазіргі кезде облыста үш ауысымда оқитын мектеп жоқ екенін мақтанышпен айтуға болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қыркүйек 2016 г. 782 0