« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Білім күнінде Тасбөгет кентіндегі №172 орта мектептің салтанатты ашылу рәсіміне облыс басшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
– Елбасының әкімдерге берген негізгі үш тапсырмасы бар. Оның біріншісі – апаттық жағдайдағы мектептердің орнына жаңа ғимарат салу, үш ауысымды білім беру нысандарының мәселесін шешу және балабақшамен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу. Оны 2020 жылға дейін орындауды міндеттеген болатын. Біз бұл тапсырманы ыждағаттылықпен орындап отырмыз. Облысымыздағы 36 апаттық жағдайдағы мектептің 25-ін жаңадан салдық. Бесеуін биыл, алдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қалған мектептерді пайдалануға береміз. Сондай тізімде осы Тасбөгеттегі №172 мектеп те бар еді. Сондықтан Елбасының бастамасымен қабылданған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 632 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгін міне, «Техостнаска-Ремсервис» құрылыс компаниясы біздің тапсырмамызды абыроймен орындап, мектепті уақытылы тапсырып отыр. Білім күнінде жаңа мектеп есігін айқара ашып, ұстаздар мен оқушыларға қуаныш сыйлауда, – деді облыс әкімі. Мұнан соң аймақ басшысы мектеп ұжымына үлкен форматты теледидар мен 1-сынып оқушыларына «Менің Отаным – Қазақстан» ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан бірінші сынып оқушысына сыйлығы» атты оқу құралын табыстады.
Салтанатты шарада «Техостнаска-Ремсервис» ЖШС директоры Илларион Ли мектептің символикалық кілтін білім ордасының басшысы Майра Сәдуоваға тапсырды.
– Мөлтек аудан бойынша жан-жақтан келіп жатқан бала санының артуына байланысты екі ауысымда 371 бала білім алады. Ал биылғы жаңа оқу жылында 42 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Заманауи үлгіде салынған 21 сынып бөлмесі, кітапхана, акт залы, екі мультимедиялық, бір информатикалық бөлме, қазіргі технологиямен жабдықталған биология және химия, физика бөлмелері бар. Сонымен қатар, арнайы «Жасұлан», «Дарынды балалармен жұмыс» бөлмелері, спорт зал, асхана, екі топқа арналған шағын орталық, қыз балаларға және ер балаларға арналған технология бөлмелерінде түрлі станоктар мен тігін машиналары орналастырылған. Осындай әсем де кең ғимаратта балалармен жұмыс жасау мұғалімдерге ерекше шабыт беріп, алдағы уақытта білім сапасын дамытуда аянбай еңбек етуімізге ықпал етеді деп ойлаймын, – дейді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мәрзия Аяпова.
Шара барысында алғашқы қоңырауды соғу құрметі 11-сынып оқушысы Абзал Ердәулетов пен 1-сынып оқушысы Меңлібаева Назымға берілді. Мерекеде білім ордасының жеткіншектері ән-жырдан шашу шашып, үлкендердің батасын алды.
Айсәуле САҒАТБЕКҚЫЗЫ.
Суретті түсірген
Бағдат ЕСЖАНОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |