« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өзбекстан Республикасына жасаған сапарында Елбасы Өзбекстанның тұңғыш Президенті И.Каримовтің қабіріне гүл шоғын қойды.
Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде Ислам Каримовпен екеуін ұзақ жылдар бойы берік достық, шынайы түсіністік, өзара тілеулестік байланыстырып келгенін айтты.
– Өзбекстандықтардың келер ұрпағы, келесі буыны Ислам Каримовты әрдайым есте сақтайды деп сенемін. Оның артта қалған мол мұрасын, мемлекеттік қызметінің нәтижелерін ұрпақ зерттеп-зерделеп, атқарған істерін өзбек халқының тарихына алтын әріптермен жазады. Ол бүкіл әлемге танымал көшбасшы болды, ел экономикасының қалыптасуы мен дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы оның есімімен байланысты. Біз ұлы адамнан айырылдық, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдері арасындағы тарихи және стратегиялық байланысты нығайту жолында Өзбекстанның тұңғыш Президенті баға жетпес роль атқарғанына тоқталды.
– Қазақ пен өзбек халқы әрдайым бір-бірімен етене жақын болды. Ислам Абдуганиевич екеуміз 1998 жылы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі басында мәңгілік достық туралы келісімге қол қойдық, біздің қарым-қатынасымыз үнемі сол келісімге негізделді. Қазақстан әрқашан өзбек халқымен қанаттасып, қатар келеді және солай бола береді. Біз сіздермен барлық қуанышты бірге бөлісіп, қиын кездерде бірге қайғырамыз, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев И.Каримовтің отбасымен кездесіп, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетімен көңіл айтты.
* * *
Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті тағы да Ислам Каримовтің өзбек мемлекетін, елдеріміздің арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан бірегей үлесін атап өтті.
– Тарихымыз, дініміз, мәдениетіміз бір болғандықтан, оның бүкіл қайраткерлігі біздің халықтарымыз арасындағы достықты нығайта түсуге қызмет етті. Осы құндылықтарды сақтай білу өте маңызды. Екіжақты кездесулер барысында да, халықаралық ұйымдар жұмысы аясында да біз кез келген мәселеге қатысты өзара тиімді шешім таба білдік. Бауырластық байланысымызды бұдан әрі де нығайта беру керек, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев екіжақты қарым-қатынастың мейлінше өзекті мәселелері, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар жөнінде пікір алмасты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |