Сәден қария әңгі¬ме¬шіл кісі еді. Иегін бір сипап қойып, ескіліктің сөзін қоздатқанда жаның жылып, амалсыз иіріліп отыра бересің. Бүгін де бір қызықты оқиғаны баян етпек сыңайда сияқты. Ағаш түбін қопсытып, арық тазалап жүрген кетпен-күректерімізді жан-жағымызға тас¬тай салып, айнала жайғаса кеттік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
1 231
0
Жылда Наурыз мерекесі еліміздің барлық аймағында кеңінен тойланады. Орталық алаңда қаз-қатар киіз үйлер тігіліп, бауырсақ пен наурыз көже пісіріліп, шұбат, қы¬мыз сапырылып, самаурын қайнап бір жасап қаламыз. Жиналған жұртшылық бірге ән айтып, би билеп, алтыбақан тебеді. Білекті жігіттер өзара күресіп, көкпар тартады. Осының бәрі ақшаңқан киіз үйдің айналасында өтетіндігі белгілі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
2 359
0
Наурыз – ғашық жүректердің тоғысқан сәті. Перзент өсіріп, оларды ұясы мен қиясына қондыруды көксейтін қазақта адам ғұмырының көктемі табиғаттың көктемімен астасып жатқан, үйлесім тапқан. Тіршілік жанданып, табиғат біткен ерекше құбылған тұста адам бойында да нәзік бір үміттің оянатыны белгілі. Наурыздағы той-томалақ, басқосулар, думанды кештер әсіресе жастарға айрықша әсер берері сөзсіз. Жігіт біткен арманындағы аруына, бойжеткен қиялындағы ханзадасына көңілін білдірер оңтайлы сәт осы шақ болса керек. Түні бойы алтыбақан теуіп, ауылдың алты ауызын айтып көңілді отырған жігіттер жағы қыздар ұсынар «Ұйқыашардан» дәмелі болса, арулар сайыпқыранның «Селтеткізерін» күтеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
1 113
0
Қазіргі уақытта әйелдердің баскиіміне қатысты дау-дамай көп. Бір анығы, қа¬зақ әйелдері жалаңбас, шашын жайып жүр¬меген. Бірақ тұмшаланып, оранбаған. Бүгінде дін мен дәстүрдің алтын ортасын таба алмай, әрқайсымыз әр жаққа тартып жүргеніміз қынжылтады. Қазақ әйелдері киген бас киімдер жас шамасына қарай, әлеуметтік жағдайына қарай ерекшеленіп отырған. Қолөнер шебері Жұмакүл Сейтенқызы әйел баласының қыз дәуренінен бастап, кейуана болғанға дейінгі басынан түспейтін киімдердің атын атап, түсін түстеп берген еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
1 542
0
Дастарханның сәні болған ұлттық тағамдар туралы әңгіме болғанда, есі-міз¬ге құрт пен ірімшіктен, жент пен майсөктен, қазы-қарта, жал-жая, қымыз-қымыраннан басқа ештеңе түс¬пей қоятыны бар. Қазір мүлде жасалмайтын, ұмытылып кеткен ұлттық тағамдар туралы білетіндер де азайып барады. Ас мәзірінің түр-түрін дайындайтын кәнігі аспаздардың өзі кейбір ұлттық тағамдардың жасалу ретінен хабарсыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
2 063
0
Қазақта екі жаңа жыл бар. Әуелгісі 31 желтоқсанның түнінде сағат тілі он екіні соққанда кіреді. Жұрт жылды жабамыз деп жанталасады. Әр сала өзінің есеп-қисабын жасайды. Әзірлікті күн емес, апта емес, ай бұрын бастап кетеді. Баға бағынбай қояр деп базар барып, қам қылады. Кафе-мейрамханаға ерте бастан тапсырыс бермесең, біттім дей бер! Мұның бәрі үшін қыстың сақылдаған сары аязы сөз емес.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
553
0
Наурызға тән нышан дейміз бе, әлде ырым дейміз бе, әйтеуір атаудың шығу тарихы бар. Мысалы, Наурызым – Қостанай облысындағы аудан орталығы. Сол Наурызым сөзінің этимологиясы белгісіз. Кейбір зерттеушілер қалмақтың – «намырзын» сөзінен пайда болған дейді. Ол қазақ тілінде күзек деген мағынаны білдіреді. Екінші мағынасы – қарағай. Соған қарағанда бұл сөздің негізгі түп тамыры түркілік сөз¬дер¬ден бастау алады. Тойға қатысы болмай шықты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2017 г.
678
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде Қазақстандағы реформалар уақтылы жасалып жатқандығын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 наурыз 2017 г.
521
0
Биыл «Ақпаратты Қазақстан» бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналардан көрсетіліп жатқан республикалық БАҚ өкілдеріне сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 наурыз 2017 г.
460
0
Бүгін Достық үйінде «SarapTime» сарапшылар клубының биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті. «Жаңа конституциялық жағдайдағы Қазақстан» тақырыбына арналған отырысқа облыс әкімінің кеңесшісі Артур Нығметов пен «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» МУ жетекші ғылыми қызметкері Мереке Ғабдуалиев қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 наурыз 2017 г.
517
0